Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құл болу керек": Жеңіс Ысқақова төркініне кетіп қалған келініне реніш білдірді

Жарияланған күні:

Осыдан бірнеше күн бұрын келіні мен ұлының ажырасып кеткенін ел алдында ашып айтқан Жеңіс Ысқақованың келінін кешіре алмай жүргені рас па? Әнші "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында келініне деген өкпесін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Ысқақова. Фото: sn.kz
Жеңіс Ысқақова. Фото: sn.kz: Facebook

Отбасылық одақтың алғашқы жылында-ақ төркініне "тайып тұрған" Карина жұлдызды енесі келер деп көп күткен көрінеді. Алайда Жеңіс Ысқақованың өз айтары бар.

"Мен не жүгіруім керек пе артынан? Мен күйеуімнің де артынан жүгірген адам емеспін", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Ысқақованың 2017 жылы шаңырақ көтерген ұлы мен келіні әнші Астанада жүргенде екі жаққа кеткен.

"Мен келін алдым деп, тізгінімді бердім. Шақырылған жұмыспен Астанаға кеттім. Бірақ тізгінді де, шаңырақты да алып жүре алмады. Ол қыз болғысы келді. Мен Астанадан келгенше, қайтадан үйіне кетіп қалыпты. Әңгіменің шыны сол!

Келіп алып, қыз болғысы келетін келіндер бар. Ол түсіну керек, сен келдің бе, сен келінсің! Менің айтатыным "Сен күйеуіңнің, балаңның, жалпы шаңырақтың құлысың".

Сен күйеуіңнің жағдайын жасауың керек. Тамағының тоқтығы былай тұрсын, оның көңіл-күйі, балаңның, жалпы шаңырақтың көңіл-күйі әйелдің қолында", - деген еді әнші бір сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, әнші 2017 жылдың көктемінде келініне өз қолымен сырға салған болатын.

Ал өткен жылдың соңында әнші ұлы мен келінінің өзіне ескертпестен, бөлек шығып кеткенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789931-kl-bolu-kerek-zeis-yskakova-trkinine-ketip-kalgan-kelinine-renis-bildirdi/