Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті: Алматы-Ташкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Жарияланған күні:

20 сәуірде таңғы сағат 5-те Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181-ші шақырымында "Тойота камри" маркалы көлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрнекі фото: Хабар 24
Көрнекі фото: Хабар 24: Instagram

Тас жол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен.

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, және қорғаныс істері басқармасының басшылары барды.

Апаттан құтқару жұмыстарына 50 адам және жедел-құтқару, апатты медицина қызметінің және облыстық полиция департаментінің 15 техникасы, сондай-ақ ІІМ ТЖК "Қазәуеқұтқару" қызметінің тікұшағы қатысты.

Сондай-ақ, оқиға орнына Қорғаныс министрлігінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін әскери қызметшілер мен арнайы техника бөлінді. Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіне 8 зардап шеккен адам жеткізілді.

Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы М.Жаманқұлов тәжірибелі үш хирургті алып оқиға орнына келді.

Облыс әкімдігі Жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде психологтардың кезекшілігі қосылған "қауырт желі" +7(7262) 513575 и +7(7262)514167 құрылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ мен облыстың полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Автокөліктер жүргізушілерінің кінәсі тергеу барысында сот-сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, анықталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790050-11-adam-kz-zmyp-29-adam-zardap-sekti-almaty-taskent-tas-zolynda-zantrsigerlik-zol-apaty-boldy/