RU
Қордайдағы жол апаты: Өзбекстан СІМ зардап шеккен ел азаматтарының тізімін жариялады
Жаңалықтар Қоғам

Қордайдағы жол апаты: Өзбекстан СІМ зардап шеккен ел азаматтарының тізімін жариялады

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жол апатынан зардап шеккен ел азаматтарының тізімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org

Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org

Ведомство ақпаратына сәйкес, жарақат алған 29 адамның ішінде жетеуі Өзбекстан азаматтары.

Олардың бесеуі Джуманиязова Мархамат (1996ж, Хива қаласы), Ахметов Рохила, (1994ж.), Жаббаров Шодлик Максудовович (Хива қаласы), Матжанов Отабек Абдуллаевич (1985 ж., Қарақалпақстан), Хайдаров Сардор Анорбой угли (1994ж.) -Отырар ауруханасына жеткізілген.

Тағы екі азамат- Исламеддинов Абухаттар угли (1997 ж.) мен Мухаммаджанов Зоводбек (1999ж) Қордай ауруханасына жатқызылды.

"Қазіргі уақытта қаза тапқан Өзбекстан азаматтары туралы ақпарат жоқ", -деді ведомствода.

Айта кетейік, Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті.

Олардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары бар.

Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер пайда болды.

Жол апаты нәтижесінде Қазақстан және Өзбекстан азаматтары қаза тапты. Тоқаев көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
7
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel