Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жаппай жол апатынан үш елдің азаматтары зардап шекті

Опубликовано:

Қордайда болған жаппай жол апатынан Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Төтенше жағдайдар департаменті ұсынған ақпаратты артынша Сыртқы істер министрлігі растады.

Сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі Өзбекстан елшілігін қайғылы оқиға туралы хабардар еткенін мәлімдеді. Апат орнына дипломаттар шықты.

Қазір құтқарушылар жол апаты орнында жұмыс істеп жатыр.

Ішкі істер және Сыртқы істер министрлігі жедел штаб құруды шешті.

Айта кетейік, Қордайда болған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті. Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790072-kordajdagy-zappaj-zol-apatynan-s-eldi-azamattary-zardap-sekti/

pixel