RU
Ең жоғары гонорар: Тойдан көп ақша табатын отандық 5 жұлдыз кім?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ең жоғары гонорар: Тойдан көп ақша табатын отандық 5 жұлдыз кім?

Рассказать Вконтакте

Той маусымы басталғаннан отандық жұлдыздар өздерінің кестесі мен талап ететін қаражат құнына өзгеріс енгізуге кіріседі. Тойдан табысты еселеп табатын шоу-бизнес өкілдері кімдер? Гонорары бойынша көш бастаған жұлдызды асабалар мен әншілер жайлы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүркіт пен Аиша, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүркіт пен Аиша, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Олардың ең қымбаты тойға 15 мың долларға барса, ең арзаны 6 мың долларды қанағат тұтқан.

Нұрболат Абдуллин - 6 мың АҚШ доллары

Нұрболат Абдуллиннің бір тойдан табатын табысы 6 мың АҚШ долларын құраған.

Әншіні қуанышыңызға шақыратын болсаңыз, қонақ үй мен ұшақ билетін алуға да дайын болыңыз.

"Бізде гонорар 6 мың доллар. Жол билеті мен қонақ үйге екі адамға орын аласыздар. Егер алдын-ала белгілі бір сомасын төлеп қоямыз десеңіздер, жеңілдікпен 2 млн теңгеге барады", - дейді Нұрболат Абдуллиннің көмекшісі.

Бүркіт пен Аиша - 7 мың АҚШ доллары

Бүркіт пен Аишаның тойдағы гонорары былтырғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалған.

Жұлдызды жұпты өз қуанышыңызда көргіңіз келсе, 7 мың АҚШ доллар төлеуге дайын болыңыз.

"7 мың доллар. Осы соманың ішінде жолы, қонақ үйі де бар. 20 минуттан екі рет шығамыз", - деді әнші.

Төреғали Төреәлі - 8 мың АҚШ долларына тойда ән айтуға дайын.

"Алматы қаласында бағамыз 7 мың доллар. Ал басқа қалаларға 8 мың доллар. Бір аптаның ішінде гонорарды төлесеңіздер, үш адамға билетті өзіміз аламыз. Сонда сіздер тек қонақ үймен қамтамасыз етесіздер. Ең азы - 8 ән айтамыз. Ал егер төлем бір аптаның ішінде орындалмаса, үш адамға ұшақ билетін өздеріңіз аласыздар", - дейді Төреғали Төреәлінің көмекшісі.

Қайрат Нұртас - 9 мың АҚШ доллары

Мұнан бөлек әнші мен көмекшісінің билеттері, қонақ үйі де сіздің қалтаңыздан төленеді.

Тұрсынбек Қабатов - 15 мың АҚШ доллары

Ал танымал әзілкешке той басқартқыңыз келсе, 15 мың АҚШ долларын төлеуіңіз керек.

"15 мың доллар. Тек жүргізуі, ұшақ билеттері, тамағы мен қонақ үйі осы соманың ішінде", - дейді әзілкештің көмекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, отандық шоу-бизнес өкілдерінің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
22
10
5
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel