Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы сайлау: Елдің жаңа бірінші ханымы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Украинадағы сайлау Владимир Зеленскийдің жеңісімен мәреге жетіп келеді. Аз ғана уақыттан соң танымал шоумен ресми түрде ел президенті атанбақ. Жаңа мемлекет басшысының тағайындалуымен қатар, Украинада жаңа бірінші ханым пайда болады деп жазады РБК басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: uanova.net
Фото: uanova.net: Facebook

Президенттік жарыс жеңімпазының жұбайы 1978 жылы Кривой Рог қаласында дүниеге келген.

Украинаның жаңа басшысының тегін алмас бұрын, Елена Зеленская Кияшко тегінде болған.

Ерлі-зайыптылар бір мектеп қабырғасында оқыған. Алайда, алғаш рет тек жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген кезде танысқан.

Зеленскийлер сегіз жыл бойы кездесіп жүріп, нәтижесінде қарым-қатынасын заңдастыруға шешім қабылдапты.

2004 жылы олар ата-ана атанып, дүниеге тұнғыштары Александра келген. 2013 жылы Елена жұбайына Кирилл есімді ұл бала сыйлады.

Елена Криворож техникалық университетін сәулетші мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алайда, Зеленскиймен кездесу оның өмірін түбегейлі өзгертіп жіберген.

Ол құрылыс саласында сол қалпы жұмыс істеп көрмеді. Елена сүйіктісіне оның ашқан "Квартал 95" студиясына сценарий жазуға көмектесіп жүрген.

Оған қоса, саясаткердің әйелі "Зелари Фиш" ЖШС компаниясының акционері болып табылады.

Көпшілік Владимир Зеленскийді оның "Слуга народа" телехикаясындағы өзі сомдаған кейіпкеріне қатты ұқсатып жатады. Ұстаз Голобородько сериалда Украина басшысы болып тағайындалған болатын.

Бұл образдың құрылуы, бірінші кезекте Еленаның арқасы болып шықты.

Елена Зеленская күйеуінің президент сайлауына қатысуына түбегейлі қарсы болған.

Алайда, актер нақты шешім қабылдағанын айтқанда, келіншегі оны барынша қолдай бастапты. Ол тіпті, сайлауалды штабтың жұмысына белсенді түрде атсалысқан.

Фото: РБК
Фото: РБК: Facebook
Оған қоса, шоумен ұсынған декларацияға сәйкес, оның жұбайы екі пәтердің және тұрақтағы орынның иегері болып табылады.

Актердің жары Mercedes-Benz S 500 4Matiс көлігін тізгіндейді.

Басылымның мәліметінше, Зеленская танымал брендттердің заттарын тағып жүреді. Олардың қатарында Breguet пен Piaget сағаттар мен Graff әшекей бұйымдары бар.

Фото:stuki-druki.com
Фото:stuki-druki.com: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790324-ukrainadagy-sajlau-eldi-zaa-birinsi-hanymy-turaly-ne-bilemiz/

pixel