jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрлан Қоянбаевтың президенттік сайлауға түсетіні рас па?

    : Facebook

    Қазақстандық КВН-ші, шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға ниетті. Бұл туралы yvision.kz блог-платформасындағы kay_zz атты автор мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұрлан Қоянбаев. Фото: brod.kz
    Нұрлан Қоянбаев. Фото: brod.kz: Facebook

    Орталық сайлау комиссиясына сілтеме берген автор "КВН одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігі алдағы сайлауға өз үміткерлері ретінде Нұрлан Қоянбаевты ұсынғанын айтты.

    Оның сөзінше, Қоянбаевтың командасы мемлекеттік қызметтегі бес жылдық жұмыс өтілі туралы заңды талапты қалай айналып өту керектігін де ойлап тауыпты.

    Алайда, бұл қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

    Айта кетейік, күні кеше Украиндағы президент сайлауының екінші кезең қорытындысы бойынша шоумен Владимир Зеленский көш бастады.

    Ал Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусым күні өтеді.

    Нұрлан Қоянбаевтың президенттік сайлауға түсетіні рас па?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.