RU
"Ән айтпаймын": Мақпал Жүнісованың қызы анасының жолын қуғысы келмейді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ән айтпаймын": Мақпал Жүнісованың қызы анасының жолын қуғысы келмейді

Рассказать Вконтакте

Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерейдің өз ізін қуып, әнші болудан бас тартқанын баяндады. Әнші бұл туралы "НТК" арнасының "Опмай-опмай" бағдарламасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: НТК арнасы

Мақпал Жүнісова. Фото: НТК арнасы

Естеріңізде болса, Мерей Заманбек анасының шығармашылық ән кештерінің бірінде ағылшын және қазақ тілдерінде ән шырқаған болатын.

Алайда, бұл Мерейдің сахнада соңғы рет ән айтуы болуы мүмкін.

"Мама, мен ән айтпаймын" деді. "Әнші болғым келмейді. Себебі, фонограмма ғой. Фонограммамен айтып жүріп, "жанды дауыста ән айт" десе қайтем?" деді. Сосын "жарайды" дедім", - деп түсіндірді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова жалғыз қызының әр қадамын арнайы шпиондарының көмегімен бақылап отыратынын баяндап берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel