RU
Полиция Әйтімованың дауысын салып, жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруде
Жаңалықтар Қоғам

Полиция Әйтімованың дауысын салып, жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруде

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанның полиция қызметкерлері сенатор Бірғаным Әйтімованың атын жамылып, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруде деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бірғаным Әйтімова. Фото: parlam.kz

Бірғаным Әйтімова. Фото: parlam.kz

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова өзінің дауысын, суреті мен қызметін көрсету арқылы әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың жәрдемақысы жөнінде жалған ақпараттың тарауына қатысты шағым түсірген.

Осыған орай департамент қылмыстық кодекстің 274 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Сараптама қорытындысына сәйкес таратылған аудиожазбадағы дауыс парламент сенатының депутаты Әйтімоваға тиесілі емес", - деді ведомство.

Қазіргі таңда тергеу органдары кінәлілерді анықтап, оларды жауапкершілікке тарту үшін барлық шараларды жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
8
2
2
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel