Қазақстандағы президент сайлауы: Тоқаев емтихан тапсырып жатыр
Жарияланған күні:
Қазақстан президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясының лингистикалық комиссиясына емтихан тапсырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Емтиханның ережелерін президент Тоқаевқа Қазақстан Республикасы президентіне үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков түсіндірді.
Ол жеке әрбір алты комиссия мүшесін таныстырып өтті.
Одан әрі комиссия хатшысы Тоқаевтың алдына билеттер таратты.
Мемлекет басшысына "Абай Құнанбайұлының поезиясы. Қара сөздері" тақырыбы түсті.
Еске сала кетсек, Мырзатай Жолдасбеков президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталатының айтып берді.
Ол емтихан үш кезеңнен тұратынын жеткізді.
Мырзатай Жолдасбековтің сөзінше, бірінші кезеңде үміткер лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпқа жазбаша жұмыс тапсырады.
"Мәселен, шығармадан 8 орфографиялық қате табылса, оған "2" деген баға қойылады", - деді ол.
Жолдасбеков екінші кезеңде үміткер комиссия ұсынған көлемі үш беттен аспайтын мәтінді оқитынын жеткізді.
Ол кітаптардың тізімі бекітілгенін атап өтті.
"Оқитын кітаптарды бекіттік. Бұл – қазақ ақын-жазушыларының кітабы. Соны қолма-қол төраға ұсынысымен таңдап алады да, 15 минут үзінді оқиды. Қалай оқитынын қарап отырамыз", - деді лигвистикалық комиссия төрағасы.
Жолдасбеков үміткер үшінші кезеңде сөз сөйлейтінін айтты.
Ол тақырып бекітіліп қойғанын, оны үміткерге конвертке салып беретінін алға тартты.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790634-kazakstandagy-prezident-sajlauy-tokaev-emtihan-tapsyryp-zatyr/