RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Жыныс мүшесі күйген": Ақтөбеде 19 жастағы студенттің денесі моншадан табылды

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысының Бадамша ауылындағы жеке моншадан 19 жастағы cтуденттің денесі табылды. Cараптама қорытындысында қыз баланың газдан уланғаны айтылған. Марқұмның туыстары студенттің уланғанына сенбей отыр. Олардың сөзінше, қыздың жыныс мүшесі ыстық суға күйіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook
"Қызымды жер қойнына тапсырғаныма бір апта болды. Жауап алуға үйге келіп жатқан ешкім жоқ. Іс жабылып қалуы мүмкін. Мен қызымның моншаға барып уланып өлгеніне сенбеймін.

Ол мейрамханада даяшы болып жұмыс жасады. Сол күні үйге қайтқан жоқ. Денесі ертеңіне моншадан табылып тұр. Ол түнгі сағат екіде жұмыстан шығып моншаға бармайды..

Қолында моншаның заттары да жоқ. Қызым біреудің қолынан жазым болды. Оның өздігімен ол жерге баруы мүмкін емес", - деді марқұмның анасы Кенже Төлешова.

19 жастағы қыз 3 курста оқып жатқан. Кешкі уақытта анасына көмектесу үшін мейрамханада жұмыс жасапты.

Студенттің туыстары оның өліміне қатысты күмәнді жайттардың көп екенін айтып отыр.

"Қарындасымның денесі табылған монша үйдің қасында емес. Жұмыстан шыққаннан кейін біреу алдап апарып тұр.

Денесінің омырауынан бастап, тізесіне дейінгі жері күйіп қалған. Экспертизада газдан уланған деп келіп тұр. Моншаның иесі қыздың өзі рұқсатсыз кірген деп отыр. Бұл мүмкін емес жағдай.

19 жастағы қыз танымайтын үйдің моншасына түнде қалай кіреді?",-деді ағасы Марат Төлешов.

Қыздың жеңгесі денені жуындырған кезде мойнында қызарған іздің болғанын айтып отыр.

"Жыныс мүшесі күйген. Мойнында қызарған іздер бар. Суға күйгені көрініп тұр",-деді ол.

Марқұмның туыстары шағымдарын айтып прокуратураға арыз қалдырды.

"Бұл кісінің арызын қазір қабылдап жатырмыз. Істің қандай баппен қаралғанын да білмеймін. Кейін жазбаша түрде жауап береледі",-деді арыз қабылдаған Ақтөбе облыстық прокуратурасы тергеу басқармасының басшысы Тимур Қыдыралин.
фото: KAZ.NUR.KZ
фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Туыстары сот сараптамасының қорытындысына да күмәнмен қарап отыр. Денені аштырып, қайта экспертиза жасауға арыз жазып қойған.

Себебі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмаған.

"Сараптама бойынша уланған деген анықтама бар. Бұл жағдайда дененің табылғаны бойынша ғана іс қозғалады",- деді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/1791172-zynys-msesi-kjgen-aktbede-19-zastagy-studentti-denesi-monsadan-tabyldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 8

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Малыш

Кісі қолынан қаза тапқаны анық. Себебі, мұнда сәйкессіздіктер өте көп. Түнгі сағат 2-де(!) өз жұмысынан шығып, моншаға жалғыз өзі дені дұрыс адам бармайды. Барған күннің өзінде жалғыз өзі уланып қалуы тағы мүмкін емес жағдай. Монша басшысының айтқан уәжі де миға қонымсыз. Демек, бұл жерде жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері монша басшысымен ауыз жаласып отқанға ұқсайды. Мафия!

Comment reaction

Doss

Ис козгамаган полициядан да жауап алу керек не маскара

Comment reaction

super

бұл жерде текқана саунаның егесін жауапқа тарту керек сол кезде сайрайды ол немене менің рұқсатымсыз кірді деп отыра берема не масқара Алла сақтасын өте өкінішті жағдай ата анасына сабырлық тілеймін

Оксана

только работников и хозяина бани надо трясти,чтобы признались, с кем в эту ночь была эта девушка. это дело нетрудное.,так как баня-место общественное,где куча свидетелей. а то,что дело до сих пор "недораскрыто" ,это ,конечно,должно натолкнуть власть имущих на вопрос,а так ли хорошо обстоят дела в следственных органах Актюбинской области...

Батыревец

Занда жок акшада жок кайран казагымнын омipiай....

Гульбар

Қу тіршілік! Студенттердін емин-еркин сабактарын окып, алансыз журуге де жагдайлары жок!!! Не деген ку омир!Ата-анасы дурыс акша тауып отырса карангы кеште даяшы болып неси бар! Тартип жок, арким билгенин истеген заман болды!

димашжангулим

Аллам сақтасын

Антимракобес

сақтамай отыр аллаларың

jitsu gif