Туған жездесінің басын айналдырмақ болған арудың өкініштен өзегі өртенді
Жарияланған күні:
Толғанай есімді бойжеткен туған әпкесінің күйеуін дуалап, өзіне қаратып алмақ болған. Артынша бұл ісі үшін қатты өкінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бойжеткен туған әпкесінің күйеуіне ғашық болып қалған. Сүйіктісімен үнемі бірге болу үшін ару оны дауалап алмақ болыпты.
"Мен оны әпкемнен де қатты сүйдім. Оның маған деген жақсы қарым-қатынасы жүрегімді жібітті. Үнемі мені айналшықтап қоймайтын. Оны қатты сүйіп қалғанымды тойларының үстінде түсіндім. Бірақ сезімге ерік бере алмадым", - дейді бойжеткен.
Жездесіне ғашық болған бойжеткен оны қалай да өзіне қаратуға тырысқан. Алайда қолынан ештеңе келмеген соң, басқа тәсілдерді қолдана бастапты.
"Етеккірмен адамның басын айналдырып алуға болатынын естігенмін. Бірақ бұл тәсілді ешқашан қолданып көрмеппін.
Ұзақ ойланбастан сол күні үйдегілерге борщь әзірлеп, жездемнің тәрелкесіне қанымды қостым. Қолдарым дірілдеп сүйіктіме тамағымды ұсындым. Енді тек нәтижесін күту ғана қалған еді.
Бірнеше күн өтті де кетті. Бірақ, дуаның әсері еш білінбеді. Мұның жәй ғана қауесет екенін түсініп, бұл ісім үшін өз-өзімнен ұялып жүрдім. Алайда бір күні әпкем телефон шалып, жездемнің жол апатына түскенін айтты.
Бірден ауруханаға жетіп бардым. Әпкем қайғыдан құса болып отыр екен. Екеуіміз отырған кезде жанымызға дәрігер келіп, жездеміз ауыр жарақаттардың салдарынан сал болып қалатынын айтты.
"Тірі қалғанының өзі - сый"- деді дәрігер. Төбемізден тас түскендей болып, сілейіп қатып қалдық. Әпкемнің жайы айтпаса да белгілі", - деп есіне алды ол.
Әпкесі Толғанайға соңғы күндері жездесінің жағдайы нашарлап жүргенін айтқан.
"Әпкем жездемнің соңғы күндері басы айналып, өзін жаман сезінгенін айтты. Ол жолда келе жатып есінен танып қалған.
Жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлік оны қағып кетіп, жездемнің көлігі аударылып қалған. Мұны естіген мен тіптен қалтырай бастадым.
Жездемнің өмірін құрттым. Сүйіктімді өз қолыммен ажалға итердім. Мен қандай ақымақ едім.
Жездемнің, әпкемнің, ата-анамның алдында кінәлімін. Бұл кінәні тіпті немен, қалай жуу мүмкін екенін білмеймін", - дейді кейіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1791181-tugan-zezdesini-basyn-ajnaldyrmak-bolgan-arudy-kinisten-zegi-rtendi/