Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жетінші сынып оқушысы 10 жастағы оқушыны өлтірді деп күдіктелуде

Жарияланған күні:

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жастағы жеткіншектің өлімі үшін күдіктелуде хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: knews.kg
Көрнекі фото: knews.kg: Depositphotos

Оқиға Ақтөбе қаласында ойнап жүрген екі мектеп оқушыларының арасында болған. 

Төртінші сынып оқушысының денесі 21 сәуір күні жер қойнына тапсырылды. 10 жастағы бала ұзақ уақыт ауруханада комада жатқан.

"Бұл оқиға мектепте болған жоқ. Өткен жексенбі күні жерлеу рәсімі өтті. Бала демалыста үйінің қасында достарымен ойнаған. Кейін баланың жағдайы нашарлап ауруханаға апарады. 9 сәуірде және 16 сәуірде екі рет ота жасалған. Бала комада болғаннан есін жинай алмаған", - дейді мектеп директорының орынбасары.

10 жастағы баланың өліміне басқа мектептің жетінші сынып оқушысы күдікті деп танылған. Қазіргі уақытта ол сабаққа барып жүр.

"Мектепте ата-аналармен кездесулер өтті. Қазір ол бала сабаққа келіп жүр. Сабақ үлгерімі жағынан екпінділер қатарында. Тәртібі жақсы. Бұрын оқушылар арасында ондай жағдай болып көрген жоқ", - дейді мектеп директоры.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады.

"Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабымен іс қозғалды. Сараптама жүргізіліп, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792007-aktbede-zetinsi-synyp-okusysy-10-zastagy-okusyny-ltirdi-degen-kdikke-ilindi/