Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы оқытушы сессиясын жабу үшін ұстазымен ойнас құруға дейін баратын студенттер жайлы айтты

Жарияланған күні:

человек читает книгу
Фото: Depositphotos

Елордалық студент қыздар сессияны ойдағыдай жабу үшін, ұстаздарына жыныстық қатынасқа түсу туралы ұсыныс айтатын болған. Мұғалімдік қызметтен бас тартқан бұрынғы оқытушы аталмыш саладан не себепті кеткенін KAZ.NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

Бұрынғы ұстаз KAZ.NUR.KZ тілшісіне есімін жасыруды сұрады. Экс-оқытушының сөзінше, бүгінде жас қыздар сессияда жақсы баға алу үшін, ұстаздарына "интимдік" қызмет ұсынудан тайынбайтын болған.

"Мұғалімдік мамандыққа негізі өз қалауыммен келмедім. Кезінде мемлекеттік грантты ұтып алу үшін, осы мамандықты таңдауға тура келді. Бастапқыда колледжде сабақ бердім, кейін магистратураны бітіріп, университетте сабақ беруге көштім. Айтайын дегенім, қазіргі студент қыздар ұяттан жұрдай болған.
Сырттай біреуді жамандайтын әдетім жоқ, бірақ бұрынғы әріптестерімнің арасында сессияда жақсы баға қою үшін, қыздармен төсектес болған ұстаздар да бар. Ұят та болса, шындық осы. Студенттер сессияны жабу үшін, мұғалімдерге ұялмай-қызармай қырындайды, қала берді оларды пәтер жалдап, сонда шақырады. Былайша айтқанда, өте жиіркенішті жұмыс, ұстаздықтан мүлде көңілім қалды. Сол себепті бұл жұмыстан кетіп тындым", - дейді оқытушы.

Бұрынғы мұғалім аталмыш ісіне еш өкінбейтінін айтты.

"Жас қыздардың обалына қалғанша, өз жөніммен кетуді жөн көрдім. Қазір өз кәсібім бар, құдайға шүкір. Бұрындары осындай жағдайларды тек теледидардан естуші едік, қазір ол шын оқиғаларға айналды. Қай университетке бармасаңыз сондай жағдай, таң қалмайтын болдық. Осындай әрекетке барып жүрген мұғалімнің де, студенттің де санасына берсін", - деп сөзін аяқтады бұрынғы оқытушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792362-bryngy-okytusy-sessiasyn-zabu-sin-stazymen-ojnas-kruga-dejin-baratyn-studentter-turaly-ajtty/