Мақпал Жүнісова өзінің атын пайдаланып $3 мың алып кеткен танысын әшкереледі
Жарияланған күні:
Мақпал Жүнісова өзінің атын пайдаланып, той иесінен үш мың доллар қаржыны алып кеткен танысы жайлы айтып берді. Бұл туралы "7" арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әншінің айтуынша, ол адам көп ұзамай қолға түсіп, қаражатты қайтарған.
"Тойда да алдап кеткен кез болды. Менен басқа адамға ақша бермеңіздер. Той жасаған адам тек менің өзіме ақша әкеліп беруі керек. Өйткені сондай болды. Менің атымнан барып, "Мақпал Жүнісованың директорымын" деп үш мың долларды алған да, тайып тұрған.
Жақын араласып жүрген адам. Бірақ енді оны ұстап алдық. Қайтарды ақшасын. Сондықтан да менімен хабарлассын. Ақшаны біреуге берсе, міндетті түрде суретке түсіріп алсын", - деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін ұрлап кеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793046-makpal-znisova-zini-atyn-pajdalanyp-s-my-dollardy-alyp-ketken-tanysyn-skereledi/