Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын фильм түсіріп, басты рөлді өзі ойнамақ

Опубликовано:

Айқын енді кинопродюсер атанбақ. Экшн-комедия жанрында фильм түсіретінін айтқан әнші басты рөлді де өзі сомдайтынын жасырмады деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осы күнге дейін ән шырқап келген Айқын Төлепберген енді фильм таспалап, туындыға өзі продюсерлік етпекші.

"Әрине, тренд! Себебі Бүркіттен басқасының бәрі басты рөлді ойнады. Қанша дегенменен маркетинг жағынан қарағанда, басты рөлді өзің сомдау керексің. "Әншілер кино түсірді, дұрыс емес" деген қате пікір. Әншілер кино түсірсе, өзі камераны алып, сюжетін өзі жазып, актері ретінде өзі ойнап түсіру деген емес. Әнші деген - ол продюсер", - деді әнші.

Сондай-ақ, Айқын фильмнің басты рөлін мамандардың кеңесімен өзі ойнайтынын айтты.

"Енді басты рөлдің бірін өзім сомдаймын. Себебі қанша дегенмен кез-келген Голливудтың киносы шыққанда, басты рөлге танымал адамды қояды. Сол кино саласының мамандары айтты. "Сен кино түсірсең, міндетті түрде өзің түсу керексің" дегеннен кейін, өзім түсіп жатырмын. Жұлдыз Алла қаласа киноға түседі. Қандай рөлде екенін білмеймін әлі", - дейді Айқын Төлепберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793067-ajkyn-film-tsirip-basty-rldi-zi-ojnamak/

pixel