jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болды

    : Facebook

    Түркістан облысындағы Сайрам ауданында ауызашар кезінде жарылыс орын алды. Газ балонының жарылуы салдарынан сегіз адам 19 пайыздан 90 пайызға дейін күйік алып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: gazetaingush.ru, 112.ua. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: gazetaingush.ru, 112.ua. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

    Оқиға тоғызыншы мамыр күні орын алды. Анықталғандай, ауызашар өткен дәмхананың иесі мен оның 5 жарым жасар ұлы қатты күйіп қалды. Бүлдіршін аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәмхананың иесі біраз жылдан бері шаурма жасап сатумен айналысып келген.

    Қазіргі таңда мамандар оқиғаның себеп салдарын анықтауда.

    "Сайрам аудандық орталық ауруханасында сегіз адам жатыр. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Олардың арасында бес жасар бала бар. Алты адам жансақтау бөлімінде. Науқастарға барлық медициналық көмек толық көрсетілуде.
    Олардың жағдайы бірқалыпты болған жағдайда науқастар Облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылады"-деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
    Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.