RU
"Ораза ғой": Төстартқышсыз суретке түскен Әсел Асқар сынға қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ораза ғой": Төстартқышсыз суретке түскен Әсел Асқар сынға қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әсел Асқардың кезекті ашық суреті ел қаһарына ұшырады. Желіде өлең шумақтарын оқып танылған ару бұл жолы төстарқышсыз түскен фотосын жариялаған. Желі қолданушылары Бүркіттің қарындасы күн өткен сайын ерсі қылық көрсетіп жүргенін жарыса жазуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram жұлдызы омырауы айқара ашылған суретін өзінің жеке парақшасына жүктеген. Оның ашық образын отандық кәсіби фотограф түсірген.

Әсел Асқардың бұл қылығы оның оқырмандарына жақпай қалған. Олар танымал аруды тым қысқа киюді қойып, енді денесін барынша паш етуге құмарланып кеткені үшін сынап тастады.

Оған қоса, желідегілер Бүркіттің қарындасына мұндай ерсі суретті қасиетті Рамазан айында салғаны үшін шүйліккен.

"Ораза ғой, Ұят қайда?" , "Тым болмаса, ораза кезінде салмасаңыз болады ғой" , "Ең болмаса, Рамазан айында шешінбей шыдай тұрсаншы" , "Қазақ қызы деп айтуағ аузым бармайды. Ұят" , "Бұған дейін қарапайым еді. Қазір барған сайын киімі қысқарып, төсін көрсете береді", " Әрбір суретіңізге қызығып жүруші едім. Мына фотоны көріп, көптің бірі екеніңізге көзім жетті" , "Әсел ақылың бар ғой, Көйлегіңді кисеңші" , "Рамазан айында ұялмайды ма осы елдер" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
53
5
6
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel