Қарағұсова: Мен қазір БЖЗҚ-да "көз жасы" жиналған зейнеткермін
Жарияланған күні:
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова қаржы нарығын және микроқаржылық қызметті реттеу және дамыту туралы заң жобасын таныстыру кезінде Ұлттық банктен БЖЗҚ мен Ұлттық қор қызметін қалай реттейтінін сұрастырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ол қордың басқару функциялары еліміздің басты банкіне ауысатынын атап өтті.
"Мен қазірдің өзінде зейнеткермін. Менің ол жерде жиналған "көз жасым" ғана бар. Бірақ менің балаларымның жинағы БЗЖҚ-та бар. Біз азаматтардың жеке жинақтарымен айналысып жатырмыз.
Мемлекет мұнда тек сақтап қоюға ғана кепілдік бермейді, бастысы оны басқаруды ұмытпау керек. Ал зейнетке шығу кезінде азаматтың барлық жинақ ақшасын алып, кем дегенде, барлық жылдардағы инфляциядан төмен емес деңгейдегі жинаққа қол жеткізу қажет.
Ұлттық қорда салық төлеушінің ақшасы және тек бір ғана сектор - шикізаттікі болады", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, Қарағұсова Ұлттық қорда ақша тапшылығы болған жағдайда Ұлттық Банк проблемаларды шешу үшін Бірыңғай зейнетақы қорының салымшыларының ақшасын пайдалана алатынына алаңдайтынын алға тартты.
"Менің қорқынышым бар, сіз, негізінен, ештеңе өзгермейді деп айттыңыз. Ол жақта да, сол жақта да. Ұлттық банк - басқарушы орган болып табылады. Солай ма? Түсінікті. Бірақ функционалдық міндеттер, бұл екі функцияның атқарылуы әртүрлі болады.
Нәтижесінде қазіргі сәттегі немесе қысқа мерзімді кезең үшін кейбір тапсырмаларды араластыру керек. Ұлттық қорда зейнетақы қорының тәуекелдері қалыпты түрде өңделмей, ақша жеткіліксіз бе? Мен осыдан қорқамын.
Бұл функционалдық міндеттердің арасындағы бөлінетін сызық қалай болады?", - деп депутат өздеріне сұрақ қойды.
Ұлттық Банктің басқарма төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бірнеше жылдар бойы кейбір гибридтік жүйені ертерек енгізу мүмкіндіктері, салымшыларға қорды өз қалауы бойынша таңдау және қаражатты басқаруға қатысу мәселесі талқыланып жатыр.
"Қазіргі уақытта бұл жоба үкіметпен талқыланып жатыр, және олар дайын бола бастағаннан кейін заңнамалық түзетулер анық көрінеді. Менің ойымша, үкіметпен бірлесе отырып, бұл сұраққа біз кейінірек жауап береміз", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793827-karagsova-men-kazir-bzzk-da-kz-zasy-zinalgan-zejnetkermin/