RU
"Басын айналдырды дейді": өзінен 15 жас кіші жігітті сүйіп қалған әйел мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Басын айналдырды дейді": өзінен 15 жас кіші жігітті сүйіп қалған әйел мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Есімі жасырын болып қалған 45 жастағы келіншек өзінен 15 жас кіші азаматпен кездесіп жүргенін айтып, жан сырын ақтарды. Әйел іnstagram әлеуметтің желісіндегі velikolepnyi_kazakhstan тобына жас жігітпен отау құруға қорқатынын жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: newssummedup.com

Фото: newssummedup.com

20 жылға созылған сәтсіз некеден кейін 45 жастағы келіншек қайта бағын сынамақ болып, өзінен әлдеқайда кіші жігітпен көңіл жарастырған.

"Жасым 45-те. Үш жыл бұрын 20 жыл отасқан күйеуіммен ажырасып кеттім. Бір жыл өткеннен кейін өзімнен 15 жас кіші жігітпен таныстым. Қарым-қатынасымызды құпия ұстаймын. Мен оның барлық достарымен танысып үлгердім. 4 ай бұрын жұмыс бабымен Астанаға көшіп кеткен еді. Енді жанына менің келгенімді қалап жүр. "Бірге тұрайық, бала сүйгім келеді"- дейді", - деп жазды келіншек.

Орта жастағы әйел сүйіктісінің отбасы өзін қабылдамайтынын біледі екен. Үлкен жас ерекшелігіне қарамастан жас жігітпен көңіл жарастырған келіншек елдің сөзіне қалуға қорқатын ұқсайды.

"Ол мені ата-анасымен таныстырғысы келеді. Бірақ олардың мені қабылдамайтынын білемін. Айналамыздағылардың бәрі мен оның басын айналдырып алдым деп сыбырласатынын да түсініп отырмын. Ол ешқашан отбасын құрып көрмеген. Не істерімді білмеймін. Оны сүйемін. Бірақ оған тұрмысқа шығып, бала тууға қорқамын. Жақындарымның сынына қаламын ба деп уайымдаймын",- деп мұңын шақты кейіпкер.

Сіздің реакцияңыз
26
3
0
1
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel