Тоқалдан туған азамат 30 жылдан бері туған әкесін іздеп жүр
Жарияланған күні:
Өмірінде туған әкесін бірде-бір рет көрмеген азамат оны 30 жыл бойы іздеп жүргенін айтты. Медет Сәкенов өз отбасы бола тұра, кезінде оның анасын алдап кеткен жанмен бәрібір де кездесіп араласқысы келетінін жеткізді. Алайда, мұндай құлшыныс әке тарапынан болмай тұрса керек деп жазады КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
33 жастағы Медет өзін тоқалдан туған бала екенін мойындап отыр. Ол әкесінің өзінен бөлек тағы үш ұлы бар екенін айтады. Алайда, ағалары өзге әйелден туған інісімен мүлде араласқысы жоқ.
"Әкем анамды алдап кетті. Анықталғандай, оның бірінші әйелі болған. Анам маған алданып қалғанын өзі айтты. Ол тірі, Алматыда тұрады. Алайда, Самат деген ағам маған оны 2015 жылы қайтыс болды деп алдап соқты. Мен оған сенбедім. Өзім іздедім. Менің мақсатым - әкемді көру. Басқа еш нәрсе керек емес.
Үш жасымда мені шешем Шымкентке алып кетті. 18-ге толғанда әкеме хабарластым. Папаға айттым. "Мені естіп тұрсың ба?" дедім. Әкем мені мойындады. Мамамның қалын сұрады. Мен оған анамның тұрмысқа шығып кеткенін айттым. Ол қатты жылады. Менде жыладым. Мені Шымкенттен алып кетші дедім" , - деп еске алды Медет.
Осыдан кейін ер азамат әкесіне 25 жасында қоңырау шалған. Алайда, ол кезде де ер адам ұлымен кездесуге ниетті болмай шыққан көрінеді.
Медет Сәкенов бұл аралықта анасы үш мәрте тұрмыста болып үлгергенін атап өтті.
"25-те де хабарластым. Ол кезде де келмеді. Одан кейін маған оны өліп қалды деді. Мен әкесіз өстім. Менде үш әке болды. Менің анам күйеуге үш рет шықты. Мен үш рет жындандым, оны жек көрдім. Ол азаматтық некеде болды. Өгей әкелерімнен ешқандай бала болған жоқ" , - деді 33 жастағы азамат.
Отандық бағдарламаға көмек сұрап келген азамат әкесі жөнінде айтып келе, көз жасына ерік берді.
"Әкемнің өз отбасы бар. Үш ағам бар. Ал мен екінші әйелден, тоқалдан туғанмын. Бәйбішесі менің бар екенімді сіздер бармай тұрып, білмеген. Үш баласы бар.
Үшеуі де мен туралы біледі. Бірақ мойындамайды. Араласқысы келмейді. Ортаншы ағаммен сөйлесіп тұрдық. Кейіннен ол да бас тартты менен. Маған әке керек. Себебі, дегенмен мен ұл баламын. Ұл балаға әке өте қажет.
Ол үйленіп қойғаннан кейін, бірінші әйелін алып қойғаннан кейін амал жоқ. Қалай қабылдайды мені? Бір жағынан әкемді кешірдім. Оны жақсы көремін.. Мен әкемді көргім келеді, құшақтағым келеді" , - дейді Медет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794203-tokaldan-tugan-azamat-30-zyldan-beri-tugan-kesin-izdep-zr/