RU
"Голос. Дети": Финал нәтижесін жоққа шығарған арна тағы көрсетілім өткізеді
Жаңалықтар Қоғам

"Голос. Дети": Финал нәтижесін жоққа шығарған арна тағы көрсетілім өткізеді

Рассказать Вконтакте

Бірінші арна "Голос. Дети" шоуының соңғы маусымының нәтижелерін жоққа шығарды. Осы орайда аталмыш шоудың арнайы шығарылымын өткізу туралы шешім шығарылды деп хабарлайды Бірінші арна мәлімдемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Финал нәтижелерін жоққа шығарған Бірінші арна "Голос. Дети" шоуының арнайы көрсетілім өткізеді

Фото: Видеодан скриншот

Арнайы шығарылым 24 мамыр күні тікелей эфирде өтеді. Оған барлық финал қатысушылары қатысады.

"Бірінші арна бұрын-соңды болмаған шешім шығарды. 24 мамыр күні тікелей эфирде, барлық қатысушылардың қатысуымен "Голос. Дети" жобасының арнайы шығарылымы көрсетіледі", - деп мәлімдеді Бірінші арна.

Сондай-ақ, телеарна жетінші маусым басталғанша дауыс беру механизмін жаңартуды уәде етті.

Еске сала кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ, отандық жұлдыздар да Ержан Максимге қолдау көрсетті. Оның ішінде шоумен Максим Галкин де бар. Ол Алсу мен қызын бағдарламасына шақырды.

Бірінші арнаның сұрауымен тергеу жүргізген Group-IB компаниясы Алсудың қызына жалған дауыстар берілгенін анықтады.

Қазақстандық және шетелдік орындаушылардың әндерін "Музыка Нур" қосышасында тындаңыздар.

Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін преумге қол жеткізіңіз. Толығырақ>>>

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel