"Қазақ жеңді": Ресейлік шоуда Алсудың қызының жеңісін көпшілік масқараға теңеді
Жарияланған күні:
Ресейлік танымал "Голос. Дети" теле-байқауының кезекті маусымы өз мәресіне жетіп, нәтижесінде атақты әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Алайда қазақстандық жас талант Ержан Максимнің жанкүйерлері қазақ баласы жеңіске әбден лайық болғанын айтып, өз наразылықтарын білдіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
26 сәуір - "Голос.Дети" қатысшулары үшін шешуші күн болды. Кеше аталмыш шоудың жеңімпаздарын анықтайтын финал өтті.
Ақтық сынның қорытындысы бойынша ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың 10 жасар қызы Микелла Абрамова бірінші орынды иеленді.
Жүлде ретінде жас орындаушыға миллион рубль табысталып, дебютті ән жазуға сертификат және демеушілер атынан сыйлықтар берілді.
Жеңіске басты үміткерлердің бірі болған - 11 жастағы қазақстандық Ержан Максим екінші орынды қанағат тұтты.
Айта кетерлігі, смс-дауыс берудің нәижелерін жариялаған соң әр елдің тыңдармандары мен көрермендері әділдік болмағанын алға тартып, шулай жөнелді.
Олардың пікірінше, бұл байқада жеңіс Ержанға ғана тиесілі болған.
Қазақ баласы өз жанкүйерлеріне үндеу жасап, дауыс беру кезеңінде өзіне қолдау көрсетуді сұраған болатын. Алайда кейінірек Ресей Федерациясының аумағында ғана дауыс беруге болатыны анықталды.
Бұл жағдай байқаудың нәтижесіне оң әсер етпейтінін көрермендер бірден түсінді. Осы орайда көптеген желі қолданушылары ағайынды Меладзелерді шоудан бас тартуға шақырып жатты.
"Дауыс. Ақша", "Меладзе енді бұл байқауға қатыспайтын шығар, "Максим, әрине, ең үздігі! Бірақ бүгін мен бұл жобада бәрі ақшамен шешілетінін түсіндім", "Абрамованың жеңісімен мүлде келіспеймін. Ержан Максим жеңіп тұр ғой", "Бұл қыз "үштікке" өнер көрсетті. Ұят", "Ержан мықты! Голосқа қатысып, шынайы сенген балаларға обал. Өкінішке орай, бәрін ақша шешті", "Әділ емес", "Валерий, бұл сатылған шоудан бас тартыңыз",
"Енді бұл байқауды қарауды доғарамыз", "Финал қуантпады. Бұл жерде басқа адам болу керек еді", "Ержанды жеңімпаз деп есептеймін. Таланттыларды қолдау керек. Дарынсыздар өздері-ақ шығады", "Қазақ бәрін басып озды. Ержан жеңіске жетті деп сенімді отырғанмын. Ол ғарыштық деңгейдегі супер-талант", "Бұл жоба масқара болды, тек балаларың сенімін бұзады", - деп толассыз пікір жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791352-kazak-zedi-resejlik-souda-alsudy-kyzyny-zeisin-kpsilik-maskaraga-teedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.