Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелі рұқсат берді": Өзінен 17 жас үлкен азаматқа ғашық болған ару тоқал атанбақ

Жарияланған күні:

Осыған дейін тұрмыс құрып, алты айдан кейін ажырасып кеткен бойжеткен бүгінде басқа азаматпен көңіл қосқан. Бірақ, қазіргі ғашығы өзінен 17 жас үлкен әрі жанұясы бар екен. Дегенмен, 23 жастағы аруды бұл мәселелер алаңдатып отырған жоқ. Ол сүйіктісіне екінші әйел болуға да келісімін берген деп жазады "Алаш айнасы"

Көрнекі фото: kebuena.com.mx
Көрнекі фото: kebuena.com.mx: Twitter

Бұрын тұрмыста болған бойжеткеннің айтуынша, ол ғашығының бірінші әйелімен танысып үлгерген.

"Өзім 23-темін, ал жігіт менен 17 жас үлкен. Бала-шағасы бар, маған екінші әйелім бол, үйленейік деді. Әйелі жақында менің жұмыс орныма келіп, мені көріп, танысып кетті. Сөйлестік, барлығын түсініп, біздің үйленуімізге рұқсат берді", - дейді ол.

Алайда, бұл некеге қыздың анасы қарсылық білдіріпті.

"Менің анам жігітімнің бар екенін білетін. Ол жақында жігітімнің бала-шағасы бар екенін білгенде онымен араласуыма үзілді-кесілді қарсы болды.
Оған екінші әйел болуға рұқсат бермеймін деп кесіп айтты. Анам қатал адам, енді қазір ол маған жігіт туралы ешнәрсе айтқызбайды, айтуға қорқамын",-дейді 23 жастағы ару.

Бүгінде сүйіктісі қызға түрлі сыйлықтар беріп жүр екен.

"Жақында сүйіктім үй әперді, бірақ үйді атыма жаздырмадым, анамның рұқсатынсыз еш сыйлығыңды қабылдай алмаймын дедім. Машинаға да қарсы болдым. Қазір мен жұмысыма тіке барып, тіке қайтамын. Үйден анам көп шығармайды. Жігітпен тек телефон арқылы хабарласамын. Қатты жақсы көремін",- дейді бикеш.

Махаббатқа мастанған ару анасын қалай көндірерін білмей жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794463-jeli-rksat-berdi-zinen-17-zas-lken-azamatka-gasyk-bolgan-aru-tokal-atanbak/