Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталды

Опубликовано:

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қызылорда облысында 2019 жылы 27 наурызда Ми-8 тікұшағымен болған авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады деп хабарлайды ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: choiz.me
Көрнекі фото: choiz.me: UGC

Министрліктің мәліметінше, тергеу жұмыстары ашық жүргізілген. Оған прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, зауыт мамандары мен әуе көліктерін жөндеу кәсіпорындарының мамандары, сонымен қоса ұшу қауіпсіздігі аясындағы Ресей Федерациясының сарапшылары қатысқан.

"Жұмыс қорытындылары бойынша комиссия әуе кемесіне метеорологиялық факторлардың күтпеген әсері авиациялық апаттың себебі болып табылды деген шешімге келді. Экипаждың ауа райының алдын ала болжап болмайтын құбылысқа түсуі және адами фактордың салдарынан тікұшақ ұшудың қиын жағдайдағы режиміне шығуына және оның әуеде қирауына әкеп соқты.", - деп атап өтті ведомстводан.  

Сонымен қатар, тікұшаққа қатысты объективті бақылаудағы материалдар зерттеген кезде экипаж соңына дейін аман-есен қону үшін бар күш-жігерін аямай, күрескені анықталды.

Министрліктің хабарлауынша, ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған әскери қызметшілерге қаза болғаннан кейін әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалдерімен марапатталып, Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында қаза болған жауынгерлердің жақындары мен туыстарына табыс етілген.

"ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан қажетті психологиялық, материалдық және басқа да көмектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті барлық әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер көрсетіліп жатқанын айта кеткен жөн", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсету бір ретпен шектелмейді. Қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді әрі қарай ұйымдастыру әскери әуе күштерінің әуе базалары командирлеріне, гарнизон бастықтарына тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794572-kyzylorda-oblysynda-mi-8-tiksagyny-apatka-syrau-sebebi-belgili-boldy/

pixel