Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасының аяғын сүйген Төреғали желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Анасының аяғын жуып, сүйген Төреғали Төреәлінің әрекеті желіде қызу талқыланған. Әнші Instagram парақшасында видео жариялаған бойда желідегілердің пікірі екіге бөлінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Төреғали Төреәлі. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Ассалаумағалейкум, қадірлі ағайын! Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында, "Айтыстың Ақтаңгері" Дидар Хамиев жолдаған "Жұмақтың кілті" атты эстафетаны шын жүрекпен қабыл алдым! "Алланың разылығы - ата ананың разылығында" Ендеше екі дүниенің де берекесі өз қолымызда емес пе, ағайын?", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Видеоға көрген желі қолданушыларының бірі актердің бұл әрекетін жақтаса, енд бірі оны ерсі санаған.

"Жарайсыз", "Анаңыз аман болсын", "Сол сауапты ешкімге көрсетпей-ақ істесеңіз болады ғой", "Енді желіні аяқ сүйген видеолар басып кететін болды", "Желіге салмай-ақ сыйлауға болады ғой. Түсінбеймін".
"Балаларым аяғымды жуса да, сүйгізбес едім. Ерсі көрінеді", "Негізі тірі адамның аяғын сүймейді екен. Тұңғышымды туғанымда тәп-тәтті табынан сүйгенімді көрген әжем, ұрысқан еді. Неге ұрысқанын түсінбей жүрдім. Бір күні көршінің баласы шетінеп қалды. Жаназасына шыққанда, имам акесіне "баласының маңдайын сипап, табанынан сүйіп қоштас" деді. Сонда түсіндім не үшін әжем ұрысқанын".
"Неге бұл ісіңді рия қылып отырсың?", "Бар болғаны анасының аяғын жуып отыр. Оның несі ерсі екен?", "Жұмақ ананың аяғының астында" дегенді осылай түсіндің бе?", "Мұнан да басқа жалаңаштанғанды көріп отырасыңдар ғой. Қайта бұл тәрбие аларлықтай көрініс қой. Анаға зар болып жургендер қаншама?" деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794805-anasyny-aagyn-sjgen-tregali-zelide-kyzu-talkygy-tsti-video/

pixel