RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ұлымен автобусқа мінген Байбек Алматыда қалай қыдырды? (фото)

Жарияланған күні:

Бауыржан Байбек ұлымен бірге №205 автобуспен жүріп, демалысын барша алматылықтар жиналатын Панфилов көшесінде өткізген. Бұл туралы шаһар басшысының өзі айтып берді. Қала әкімі жексенбі күнін қалай өткізгені туралы Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/baibekbk
Фото: instagram.com/baibekbk: UGC

Бауыржан Байбек қоғамдық көлікпен жүріп, бірқатар қателіктерді де аңғарған. Оған қоса, қала басшысы алматылықтардың өміріне қатысты да пікір білдірді.

"Жексенбі күнін балаларыммен Панфилов көшесінде өткізбекші болдық. BRT линиясында 205 автобусты күтіп тұрып, аялдамадағы қағаз графикте аталмыш бағыттағы автобустың жоқтығын байқап қалдым. Алайда, қоғамдық көлік электронды таблоға сай, уақытылы келді.

Соңғы екі жылда Алматы автобус паркі 80%-ға жаңарды. Бірақ, әлі де жұмыс көп. 38 мпаршрут бойынша жүретін ескі автобустарға қатысты шағымдар көп түседі.

Жақында тағы 500 автобус келетін болады. Бұл бағытта жүретін автобусты бірінші болып ауыстыратын боламыз.

Панфилова мен Төле би көшесінің қиылысына жеттік. Алматылықтардың көңіл-күйі жақсы. Бәрі күліп жүр. Айнала толған мейрамханалар мен кафелер.

Гоголь көшесіндегі кітап дүкеніне кірдік. Іші толған жастар. Бұл жайтқа қатты қуандым.
Үйге метромен қайттық. Ескі станциялардың көбісінде қозғалысы шектеулі адамдар үшін жағдай жасалмаған. Әжетханалар жоқ. Жаңа жобаларда бұл мәселе қолға алынады", - деп жазған Байбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1794903-lymen-avtobuska-mingen-bajbek-almatyda-kalaj-kydyrdy-foto/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 2

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Shakal

Ұсақ жағдайларға дейін назар аударып, көңіл бөлгені өте қуантады. Басшы әсіресе әкім үшін бәрі маңызды болуы керек, өйткені ол солай халықтың көзімен қарап, халықтың қажеттілігіен түсінеді. Ұсақ түйекті байқап жатса өте дұрыс, себебі детальдар халық үшін өте маңызды.

Comment reaction

Қалдыкүл

Ой адам аз маршурутқаға отырыпты ғой 38 бен 48 ге отрса ғой

Comment reaction
jitsu gif