RU
Мақпал Жүнісова арбада отырған ақтөбелік жігіттің алдында басын иді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мақпал Жүнісова арбада отырған ақтөбелік жігіттің алдында басын иді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде арбада отырған үш баланың әкесіне Мақпал Жүнісованың концерті үстінде баспана кілті табысталды. Әнші мүгедек азаматтың алдында басын иді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Харекет" қоры І топ мүгедегі Темірлан Романқұловқа екі бөлмелі пәтер алып берген.

"Жаңа үйге балалардың оқуы біткен соң көшіп барамыз. Бізге Қандыағаш қаласынан екі бөлмелі пәтер бұйырды. Аллаға, көмек қолын созған адамдарға алғысымыз шексіз", - дейді Темірлан Романқұлов.

Темірлан осыған дейін Темір ауданының Шұбарши ауылында уақытша берілген баспанада тұрған. Ата-анасынан ерте айырылған азамат бауырларының қамқорлығында болған.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қытай компаниясында жұмыс істеп жүріп, 23 жасында арбаға таңылған азамат 6 жыл бұрын 20 жастағы келіншекпен көңіл жарастырған.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Екеуміз интернет арқылы таныстық. Мен өзім Атырау облысының қызымын. Ол барлық жағдайын айтып берді.  Бұрын-соңды кездескен емеспіз. Тек бір-бірімізге суреттерімізді жібердік.

Түсіністік. Осында өзім келдім. Үйлендік, балалы болдық. Алғашында әке-шешем түсінбеген еді. Балалы-шағалы болғаннан кейін бәрі реттелді.

Отбасын құрғаннан кейін екеуміз де намазға жығылдық. Аллаға алғысымыз шексіз. Біз бақытты отбасымыз ",-дейді келіншегі Гүлмира Жұматова.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
3
3
0
2
0
40
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel