Қайрат Нұртас "жұлдыз" болуға асығатын әншілерге өз ақылын айтты
Жарияланған күні:
Қайрат Нұртас тезірек танымалдылыққа қол жеткізіп, жұлдыз болуды армандайтын жас әншілерге өз ақылын айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сахнада жүргеніне 13 жыл болған әнші әріптестерінің танымалдылыққа жетудің жолын іздейтін қулығына қынжылады екен.
"Негізі кеш берген ол берекелі де. Мен талай жігіттерге, ортамыздағы әншілерге айтатынмын "Сен кеш бер... Басқа телеарналардың бетінде көрініп жүре бергенше, ауыл-ауылға барып кешіңді бер. Ауылдағы ата-апамыздың батасын аласың. Оған ештеңе жетпейді" деп. Мысалға қазір дәрежесін көріп жатырсыздар", - деді Қайрат Нұртас.
Хитменің анасы Гүлзира Айдарбекова да ауыл-ауылға көп адамның концерт бере алмайтынын жеткізді.
"Ауыл-ауылға концерт бере алмайды ешкім. Оны халық сүю керек. Оның әнін тыңдау керек. Әрбір кішкентай баладан бастап, үлкендерге дейін Қайраттың әнін айт деген кезде, міне Қайраттың әні деп айтып берді. Ол кезде "Арман" әні шыққан болатын. Ол кезде "Арман" әнін білмейтін адам болған жоқ.
Халықтың өзі көтергеннен кейін барып, баланың өзінде ынта пайда болады. "Мен үлкен сахналарда ән айтсам екен" деген сияқты. Қайратты басында солай бастадық. Клип түсіргеннен гөрі, бізге сол өте тиімді болды. Ол жерде қанша еңбек. Оны айтып жеткізе алмаймын", - деп ағынан жарылды әншінің продюсері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795504-kajrat-nrtas-zldyz-boluga-asygatyn-nsilerge-z-akylyn-ajtty/