Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында "УЗИ" емші пайда болды

Опубликовано:

Түркістан облысында адамның тұла бойындағы ауруларды УЗИ секілді анықтап, құлан-таза айықтыратын емші пайда болды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы
Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы: Facebook

Ордабасы ауданы Шұбар су ауылының тұрғыны аурудың сан-алуан түріне шипа тауыпты. Тек, жұқпалы ауруларды ғана емдеуге рұқсаты жоқ екен. Оның алдына дертіне дауа таба алмай жүрген жандар көп келеді. Есігін торығандар мен жолына қарағандар жетерлік. Барлығы өн бойындағы аурудан құлан-таза айықсам дейді.

"Мысалы, мына кісі келді менің алдыма. Мен енді 3 күнде нақты диагнозын қойып, реттеп, не істеу керек екенін айтамын. Шөп шәй ішу керек, витаминдер болуы мүмкін. Арасында система салып жібер деп жіберемін кейде. Ол қай жерде болса да система салу керек бәрібір. Біз қанша емдегенімен, қан айналымын реттеп отыру керек. Оған күш, витамин керек" - емші Сайлаукүл Көшінбаева.

Сайлаукүл Көшінбаева өзін тұла бойы емдік қасиетке ие емшімін деп санайды. Сырқаттың сан алуан түрін анықтап, оны емдеумен 16 жылдан бері айналысып келеді екен. Алдымен адамның өн бойындағы ауруда УЗИ сияқты анықтап,артынша бар ауруларды айтып беретін көрінеді. Мұнымен емделушілер де келісіп отыр.

"Қолымен массаж жасап білді: қай жерде сырқатымның барын, аяқ-қолымның қақсайтынын, тізелерімнің қақсайтынын біліп, айтып берді. Енді, Құдай қаласа дәрігерге барып, тексеріліп көремін. Бұл кісінің айтқанының бәрі дұрыс!" - Шымкент қаласының тұрғыны Қалубай Пернешов.

Бір қызығы, емші ес-түсінен айырылып, жансақтау бөлімінде жатқан адамдарды телефон арқылы емдейді екен.

Ол үшін дәрігердің рұқсатымен ұялы байланыс құралын сырқаттың құлағына жақындатса болғаны. Өз үйінде отырып-ақ, қашықтан ем-дом жасай береді екен. Осылайша, бірқатар адамның өмірін сақтап қалған көрінеді.

"Қандай күйде қиналып жатқаны- бәрін көре беремін. Бес минуттың ішінде сол науқас есін жия бастайды. Сонда мен сырқаттың ішіндегі бар ауыртпалықты өзіме тартып аламын" - дейді емші.

Жүйкесі сыр берген, қан қысымы көтерілген, сарысу жиналған, тағы басқа айта берсеңіз көптеген ауруға шипа қондыратын емшіні жұрт алыстан іздеп келіп жатады екен.

Көпшілігін тамыр ашу арқылы емдейді. Қан тамырлары реттелмесе, ем қонбайтын көрінеді. Сайлаукүл апайды арнайы білімі бар мамандар биотогы мықты адам деп тауыпты. Сөйтіп, халық және рухани емшілер одағына мүшелікке қабылдаған.

Сайлаукүл Көшінбаева адамның тұла бойына жабысқан дертті Жаратушы ие арқылы құлан таза айықтыруға септігін тигізіп жүр. Осы уақытқа дейін төсек тартып, жатып қалған көптеген науқасты аяғынан тік тұрғызыпты. Ол тіпті, алдына келген жанды ғана емес, алыстағы адамды да суретіне қарап емдейтін құдіретке ие. Сондықтан оны ел-жұрт УЗИ емші деп атап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795509-trkistan-oblysynda-uzi-emsi-pajda-boldy/

pixel