RU
Алматы облысында отбасылы әйелді төсекке сүйреп, өзіне қол салуға итермелеген молда жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында отбасылы әйелді төсекке сүйреп, өзіне қол салуға итермелеген молда жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Қайнарлы ауылының молдасы отбасылы келіншекті төсекке сүйреп, өзіне қол салуға жеткізген. Марқұмның күйеуі осылай деп үндеу жариялаған. Алайда, бұған қатысты молданың пікірі мүлдем басқа деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Отбасылы әйелді өзіне қол салуға итермелеген имамға қатысты тың деректер шықты

Фото: Видеодан скриншот Коллаж:KAZ.NUR.KZ

Әлеуметтік желіде жария болған үндеу жұрттың жағасын ұстатты.

Оқиға Алматы облысының Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы елді мекенінде болған.

Отбасылы әйелді өзіне қол салуға итермелеген имамға қатысты тың деректер шықты

Фото: Бірінші Еуразия арнасының материалынан скриншот

"Сәуірдің төрті күні түнгі бірде байқадым, ұялы телефонына хабарлама келіп тұр екен. Әйелімнен телефонын сұрап едім бермеді, сосын жұлым алдым да қарасам, имамның "Жаным, шықшы сөйлесейік" деген сөзі келіп тұр екен. Әйеліме: "Шығам",-деп жаз дедім. Әйелім жазды, шықтым. Ол жазғы үйде күтіп жатыр екен. Сосын сол жерден ұстап алдым да екі рет ұрдым. Ол қашты, сол күйі қашып кетті" , - дейді марқұмның күйеуі Есхат Әйнекбекұлы.

Телеарнаның мәліметінше, сол түні қашып құтылған имам артынан телефон арқылы досы Есхаттан кешірім сұрапты. Дегенмен артынан сертінен тайып, тағы да келіншегі Нұрғизаттың мазасын алған. Тіпті бопсалап, видео да жіберіпті.

“Сені қатты жақсы көргенім осы күйге апарды. Міне, осы күйде жатырмын қазір. Қандай қиындық келе жатқанын өзің де білесің. Рас осы күйде. Осы азапқа душар болдым мен. Қазір менің жағдайымды көрші өзің. Жағдайым не болып жатқанын сезінсең", - дейді видеода тамағына пышақ кернеген имам.

Осындай видеолардан кейін амалы таусылған Нұрғизат күйеуінің көзіне шөп салғысы келмейтінін, ешкімге де жар болғысы келмейтінін айтып, имамға аудиожазба жолдаған.

"Өлімнен басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Қазір болмаса да біраз күннен кейін өлемін. Мен осыған бекідім. Мен адам болмаймын", - делінген аудиожазбада.

Телеарнаның хабарлауынша, осы оқиғалардың бәрі мешітте ұйымдастырылған "99 есім" деген курстан басталған.

“Күйеуі имамның көмекшісі болған. Бірге араласып, мешітте бірге жүріп, екеуі дос болған адамдар. Есхаттың марқұм әйелі, бір жетідей 99 пайғамбардың атын мешітке барып оқып жүрген. Содан басталған дейді арасындағы қарым- қатынастары”, - деді Қайнарлы округының әкімі Иманғали Құрбайұлы.

Телеарнаның атап өтуінше, ауыл имамы болған Қадыр Әнбия Қытайдан көшіп келген. Ауыл жұртшылығы діндар жігіттің келгеніне қуанып, жергілікті билік үй салуға жер беріпті.

“Күйеуі Есхат мал бағуға Үштөбеге кеткен екен. Сол жақта жүргенде, әйелі тағы хабарласыпты, "Мынау менің мазамды алды, мені алып кет", - деп. Сосын Есхат бауырына айтыпты. "Барып киімдерін жинай бер, Үштөбеге алып кетеміз", - депті. Сол кезде бауырының көлігі сынып қалып, дәл сол күні келмей қалыпты. Дәл сол түні осы жағдай болған”, - дейді Қайнарлы округының әкімі Иманғали Құрбайұлы.

Ал имамның әрекетіне ауылдастары сенер сенбесін білмейді. Дін қызметкері досының келіншегі Нұрғизат өзіне қол жұмсаған күні Қайнарлыдан көшіп кетіпті.

“Ана келіншек таңертең асылып өлді. Содан кейін жұма намазын оқыды дейді, мешітте. Кейін кешкісін кетіп қалды”, - дейді көршісі Ісламбек Мәлік.

Телеарнаның хабарлауынша, имам досының әйеліне ғашық болғанын жасырмайды. Әйелімен бірнеше жыл отасса да бала сүйе алмапты. Марқұм екеуі талай рет сыр ақтарыпты. Нұрғизат сүйген жігітіне қосыла алмай, Есхатқа үлкендердің кеңесімен тұрмысқа шыққанын да айтқан екен.

Отбасылы әйелді өзіне қол салуға итермелеген имам бір ауыл жұртын жаға ұстатты

Фото: Еуразия бірінші арнасының материалынан скриншот

"Махаббат шын, сүйдім, шын жақсы көрдім. Басында сөйлестік, сөйлесіп жүрдік, кейін расында бір-бірімізді сүйіп, ол кісі де марқұм айтқан сөздері бар. Ол кісіні қаралағандай болмайық, күйеуінен талақ сұраған, менімен тұрмысқа шығатын жағын айтқан”, - дейді Қайнарлы ауылының бұрынғы молдасы Қадыр Әнбия.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұл оқиғаға жағдайға қатысты әзірге түсініктеме бермеген. Діни басқарманың сөзінше, имамды ауыл тұрғындары өздері сайлап алған. Діни басқарма тарапынан бекітілмепті. Сондай-ақ, ауылдағы мешіттің де толық құжаттары рәсімделмеген. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

“Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде қылмыстық іс Алматы облыстық ІІД Ескелді полиция бөлімінде тергелуде. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу кезінде сараптамалар тағайындалды, куәгерлер сұралды және басқа да тергеу амалдар жүргізілуде”, - дейді Алматы облыстық ПД тергеу басқармасының басшысы Жанат Сарқытов.

Марқұм келіншектің артында үш баласы қалған. Екеуі мектеп жасында, кенжесі 2017 жылы дүние келген.

Имам әрі досының қорлығына шыдай алмаған Есхат құзырлы органдардан діннің атын жамылған жігітке әділ жаза кесуін сұрайды. Себебі молда да адвокат жалдап жатқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
30
7
11
10
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel