jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде соңғы қоңырауды түрмеде өткізген оқушы өкінішін айтты

    : Original

    Ақтөбедегі "КА 168-2" абақтысынан биыл 17 сотталушы кешкі мектепті бітірді. Соңғы қоңырау кешінде марапатталған 23 жастағы жігіт түрмеге колледждің 3 курсын оқып жүргенде адам жарақаттап түскен. Бүгін ол 11 сыныпты аяқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Жазасын өтеуші Арман Қайырбаев өткеніне өкінетінін жеткізді.

    "Өкінемін, әрине қатты өкінемін. Мұнда өткен әр күнім бостан-босқа өтіп жатыр. Одан да отбасымның қасында отырғаным жақсы еді. Тезірек отбасыма оралып, оқуымды жалғастырғым келеді",-деді ол.
    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original
    Түзету мекемесінің мамандары абақтыдағы кешкі мектепте парта, оқулық, тіпті компьютер де бар екенін алға тартты.

    Олар тек тәртіп басқа екенін атап өтті.

    Оқу процесінің өзі күзетшінің бақылауымен өтеді. Бостандықта жүргенде оқығысы келмегендер бұл жақта білім алуға мәжбүр. Әрі 30 жасқа толмаған жазасын өтеушілерден оқуға құлықты ма, жоқ па, сұрап жатпайды, өйткені, барлығына орта білім алу міндеттелген.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Ұстаздар ұры-қары, бұзақының арасында да оқуға ынталы, өнерлілер бар екенін жеткізді.

    "Кейбір оқушылар өте жақсы бағаға оқыды. Биылғы 18 түлектің төртеуі – оқу екпіндісі. Мектеп басшылығы оларды үнемі марапаттап отырады",-деді мекеменің бас маманы Руслан Төлегенов.
    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Сотталғандарды алда емтихандар күтіп тұр. Орта білім туралы аттестатпен шектелгісі келмесе, мекеме басшылығы оларға да жағдай жасап қойған. Жергілікті университетпен бірлесе пилоттық жобаны қолға алыпты. Яғни жазасын өтеушілер қашықтықтан оқыту арқылы  арнайы курстарды тәмамдап, сертификат алады.

    Биылдың өзінде 2 жазасын өтеуші кәсіпкерлік курсынан өткені хабарланды.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Ақтөбеде соңғы қоңырауды түрмеде өткізген оқушы өкінішін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.