Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абыройымды төкті": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаев туралы өз шындығын айтты

Опубликовано:

Жанар Хамитова өзін толассыз мазалап жүрген сұрақтарға нүкте қойды. "Арнау" тобының бұрынғы әншісі Нұржан Керменбаевпен неліктен араласпайтынын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: music.yandex.kz, Астарлы ақиқат
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: music.yandex.kz, Астарлы ақиқат: Facebook

Бағдарлама барысында Хамитоваға көрермендер тарапынан қойылған сұрақтар көрсетілді.

Қатарында Нұржан Керменбаевқа қатысты сауалдарды көрген әнші эмоциясына ерік беріп, Керменбаевпен неліктен араласпайтынын ашулана айтты.

"Нүктесін қояйын. Нұржан мені лақтырып кетті. Біріншіден, ақшаға. Екіншіден, абыройымды төкті.

Үшіншіден, ата-анасымен менің абыройымды әке-шешемнің көзінше төккен. Бұл 17 жас еді. Бұл - оның қателігі және менің қателігім болды. Мен ол үшін жауап бердім.

Садақа дедім, ақшасы да құрып кетсін, бәрі құрып кетсін дедім. Мен сол түні подъезде қондым, ал келесі күні екі сағаттан кейін клипке түстім. Менің мұғалімім Лялиза ханым хабарласты. Ол кезде мені Жанка Сабирова үйіне алып келді", - деді ол.

"Кап-карашканың" қанша ақша қарыз екенін сұраған Дина Төлепбергенге Жанар Хамитова "Көп ақша болған. Бұл үшін ол да жеткілікті жауап берді. Садақа" деп жауап қайырды.

Сондай-ақ, әнші Нұржан Керменбаевтың әндері өзін Туркияда жүргенде күйзелістен құтқарғанын алға тартты.

"Түркияда далада жүргенде бір әні күйзелістен құтқарды. "Алыста жүрсең де" немесе "Мұның дұрыс болмады". Ал мен тыңдадым да, "мұным дұрыс болды, мен Антальяда күнге күйіп жүрмін, бәрі дұрыс" деп ойладым",- деді Хамитова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796065-laktyryp-ketti-zanar-hamitova-nrzan-kermenbaev-turaly-z-syndygyn-ajtty/

pixel