Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 21 мың теңге көмекті алу үшін ажырасып жатқандар көбейген

Опубликовано:

Шымкентте өзара алқалы жиын өткізген ауыл билері мен судьялар атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін үшін ажырасып жатқандар көбейгенін айтып дабыл қақты. Апта сайын 10-15 ерлі-зайыпты заңды некені бұзу үшін сотқа жүгінеді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: orazvode.com
Фото: orazvode.com: Twitter

Өңірде әлеуметтік көмек алу үшін ғана жалғыз басты атанғысы келетін көпбалалы аналар қатары күрт артып, перзенттерінен бас тартқан әкелер көбейген.

"Әлеуметтік көмек тағайындау комиссиясының төрағасымын. Күнін көре алмай жүрген, шиттей баласына 21 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеп аламыз деп отбасынан бас тартқан әке, жалғыз басты ана көбейген" , - дейді Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз ауылының биі Оразалы Маханов.

Махановтың сөзін Еңбекші аудандық сотының судьясы да растап отыр.

"Иә, соңғы кезде ажырасу үшін сотқа жүгінетіндер көбейді. Негізгі себебін бірі айтады, бірі айтпайды. Бірақ көрініп тұрады ғой. Ұрсысып шын айырылысатындай емес, қол ұстасып келетіндер көп", - дейді Қайрат Ізбасаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796837-symkentte-21-my-tegege-kol-zetkizu-sin-azyrasyp-zatkandar-kbejgen/

pixel