Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қалталы азамат мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден таратпақ

Жарияланған күні:

Мужчина дает женщине мешок с мукой
Фото: Original

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында қалталы азамат 300 отбасыға 50 мың теңгеден таратпақ деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қасиетті Рамазан айында түркістандық қайырымды жандар белсенділік танытуда. Соның ішінде Жетісай ауданындағы қалталы азаматтар өз жерлестеріне қолдан келгенше көмектерін беруді жалғастырып отыр.

Рамазан айының алғашқы күнінен бастап "Жылы жүрек – жомарт қол" акциясы қолға алынып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар көмек алуда.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

"Нұғман" орталық мешітінің бас имамы Бекзат Сыздықтың айтуынша, қасиетті ай ішінде мешітке бес жүзге жуық отбасы көмек сұрап келген екен. Соның нәтижесінде арнайы тізім жасалып, оларға рет-ретімен көмек берілуде.

Мәселен, кеше мешітте 200-ге жуық отбасыға азық-түлік таратылса, осындай жәрдем бүгін 100-ге жуық отбасыға көрсетілген.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ерекше атап өтерлігі, Рамазан айының соңғы екі күнінде мешітте мұқтаж жандарға қаржылай көмек берілмек.

Алланың екінші үйі саналатын нысанды салып берген жетісайлық меценат 300 отбасының әрқайсысына 50 мың теңгеден таратуды жоспарлап отыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796927-trkistan-oblysyna-kaltaly-azamat-mktaz-zandarga-50-my-tegeden-taratpak/