RU
Қайрат Нұртас өзін жақтырмайтын жандарды дос болуға шақырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас өзін жақтырмайтын жандарды дос болуға шақырды

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас өзіне теріс пікір білдіретін адамдарға су шашып жібергісі келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаман пікір жазатындарға кейде осылай су шашып жібергім келеді десең. Әсіресе мен туралы "масқара, сұмдық" деп бастайтындар. Дос болып өмір сүрейік", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Алайда хитменнің Instagram-дағы бұл жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсіп, оқырмандар әншіге қолдау білдірген.

"Ондайларға мән берме", "Қайрат сенің жеткен жетістігіңе шын жүрегімізбен қуанамыз. Ол сенің бағың ғой", "Теріс пікір білдіретіндер көбейіп кетті ғой қазір", "Негатив жазатын адамдарға көңіл аудармаңыз".

"Қатты қапалысың ғой. Халықтың аузын жаба алмайсың. Сабыр сақта", "Сол масқара, сұмдық деген бізді де шаршатты. Соның не керегі бар екен?", "Ешкімді тыңдама" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, әнші осыған дейін жылдам танымал болғысы келетін жас әншілерге өз ақылын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel