Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Қордай маңындағы 11 адам көз жұмған жол апатының алдын-ала себебін айтты

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі Қордай маңында 11 адамның өліміне себепкер болған жол апатының алдын ала себептерін атады деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org
Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org: Twitter

Министрлік ақпараты бойынша, тас жолдағы апат басқа екі көліктің соқтығысуы салдарынан орын алған. Ал автобус жүргізушісі көліктерді айналып өтпек болған.

Алайда, бұл әрекет сәтсіз аяқталып, жолаушыларға толы автобус жыраға ұшып кетіп, аударылған.

Ішкі істер министрлігі бұл тек алдын-ала болжам деп отыр. Нақты шешімдер әлі жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні таңға жуық Алматы-Ташкент тас жолында жүк көлігі мен Toyota Camry соқтығысып, жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.

Салдарынан 11 адам көз жұмды. Олардың арасында қазақстандықтармен қатар Өзбекстан азаматтары да болған.

Кейіннен автобус жүргізушісі қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797111-iim-kordaj-mayndagy-11-adam-kz-zmgan-zol-apatyny-aldyn-ala-sebebin-ajtty/

pixel