Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде күйеуіңіз тастап кетсе, өңіңізді не күтіп тұрғанын біліңіз

Жарияланған күні:

Түсіңізде өмірлік серігіңіз тастап кетсе, онда шынайы өмірде аса маңызды істе қиындықтар туындайды. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде күйеуіңіз тастап кетсе, өңіңізде не күтіп тұрғанын біліңіз
Көрнекі сурет: 24tv.ua: Facebook

Сүйікті күйеуіңіз басқа біреуге кетіп қалса, шынайы өмірде сізді біреу алдап жүр деген сөз.

Ал жұбайыңыз басқа біреуді сүйіп қалған болса, онда қарым-қатынасыңызда дереу бір нәрсені өзгерту керек. Олай істемесеңіз, түсіңіз өңіңізге айналады.

  • Күйеуіңіз қоштаспай кетіп қалса, онда сізге көңілі суып барады деген сөз.
  • Ал түсіңізде күйеуіңізбен ұрсысып, ол есікті тарс жауып кетсе, шынайы өмірде қиындықтар туындап, үміттеріңіз ақталмайды.
  • Жарыңыз бұрынғы сүйіктісіне кетіп қалған болса, онда шынайы өмірде адалдығына күмән келтірмеңіз.

Ал ашынасына кеткен күйеу алдағы қиындықтарды білдіреді. Ара-қатынастарыңыз бақылаудан шығады. Тіпті ажырасуға дейін баруы мүмкін.

Сондықтан мұндай түсті көрген әйел дереу қарым-қатынасты түзетудің амалын жасағаны абзал.

Ал сүйіктіңіз сізді тастап, басқа біреуге үйленген болса, онда өңіңіз де орынсыз қызғаныштың құрбанына айналасыз.

Сондай-ақ, күйеуіңіз сізді тастап кеткенде оның көңіл-күйі қандай болғанына ерекше мән берген жөн:

  • Көңілді болса, алда жаңа мүмкіндіктер пайда болады;
  • Ашулы болса, көзіңізге шөп салады, өсек тақырыбына айналады;
  • Бозарып, шаршаңқы көрінсе, көп ұзамай науқастанады. Денсаулығына көңіл бөліңіз;
  • Кір, қырынбаған болса, шынайы өмірде сізге көңілі толмай жүр;
  • Әдемі киініп алған болса, көп ұзамай табысқа кенелесіз.

Ал тұрмыс құрмаған бойжеткен түсінде күйеуінің тастап кеткенін көрсе, онда дереу сырт-келбетімен айналысқаны жөн. Әйтпесе ұзақ уақыт кәрі қыздар қатарында жүріп қалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797439-tsiizde-kjeuiiz-tastap-ketse-iizdi-ne-ktip-trganyn-biliiz/