RU

Головкинмен селфи жасамақ болған жігіттер оған телефон лақтырды (видео)

Геннадий Головкин Нью-Йоркте өткен бокс кешіне қатысты. Шараға келген боксшыны көрген табынушылары онымен селфи жасамақ болған, алайда спортшы темір қоршаудың ар жағында төменде тұрғандықтан, жігіттер оған телефонды лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Головкинмен селфи жасамақ боған табынушылары, боксшыға смартфон лақтырды (видео)
Фото:instagram.com/luckypunchnet алынған скриншот: Instagram

Головкиннің жанкүйерлері бірнеше метр жерде тұрғандарына қарамастан онымен суретке түсуді өтініп, телефондарын көрсеткен.

Қазақстандық боксшы олардан смартфонды лақтыруды өтінеді. Боксшы төменнен екі жанкүйерімен бірге суретке түсіп, телефонды өздеріне қайта лақтырған.

Осы сәттің видеосы желіде тарап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797477-golovkinmen-selfi-zasamak-bolgan-zankjerler-ogan-telefon-laktyrdy-video.html