RU
Шымкентте құжатсыз қалған отбасы шатыр астында өмір сүріп жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте құжатсыз қалған отбасы шатыр астында өмір сүріп жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік отбасының қолда бар заттардан шатыр тұрғызып, сонда тұрып жатқанына бірнеше күн болған. Редакция тілшілері отағасы мен жұбайымен кездесіп, жанұяның мұндай күйге қалай түскенін анықтап қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте отбасы құжатсыз, шатыр астында өмір сүріп жатыр (фото)

Фото: NUR.KZ

"Пәтер жалдап тұрғанбыз, сосын қожайындар оны босатуды сұрады. Осындай баспана тұрғызуға тура келді. Үш баламыз бар, үлкені алтыда. Олар бәрін түсініп отыр. Бұл уақытша қиындықтар екенін білемін. Бәрі жақсы болады", - деді Меруерт Арқарбекова.
Шымкентте отбасы құжатсыз, шатыр астында өмір сүріп жатыр (фото)

Фото: NUR.KZ

Әйел адамның айтуынша, отағасы үшінші топ мүгедегі, жұмысқа жарамсыз. Меруерт жалғыз өзі жұмыс істейді екен. Жалақысы - 80 мың теңге.

Жақында отбасында тағы бір бала дүниеге келеді деп күтілуде.

Бұл жанұяның суреті әлеуметтік желіде жарияланып, адамдар оларға азық-түлік пен ақша әкеліп жатыр екен. Меруерттің айтуынша, адамдар тамақ, ақша әкеліп, тіпті уақытша баспана ұсынған.

Мейірімді жандар отбасына барлық жағдайы жасалған уақытша баспанаға көшуге ұсыныс жасаған, бірақ олар бас тартыпты.

Шымкентте отбасы құжатсыз, шатыр астында өмір сүріп жатыр (фото)

Фото: NUR.KZ

"Ешкімге масыл болғым келмейді. Жай ғана осындай қиындыққа тап болдық. Адамдардың қол ұшын созғандарына риза болдым. Біреуге біреу міндетті емес. Барлық қиындықтар уақытша", - деді келіншек.

Меруерттің айтуынша, олардың құжаттары жоқ, сондықтан жәрдемақы алмайды.

"Қарызымыз болған. Кепіл ретінде құжаттарымызды тастағанбыз. Жеріміз бар, сол жерге үй саламыз. Алайда жердің де құжаттары жоқ.

Қарызға ақша алып, жерді рәсімдеген едік. Бірақ оны рәсімдеумен айналысқан ер адам із-түзсіз жоғалып кетті. Сол жерге үй салуды жоспарлап отырмыз.

Ақша жинаймыз. Пәтер жалдамаймыз, одан да сол ақшаны құрылыс материалдарына жұмсауды жөн көріп отырмыз", - дейді Меруерт Арқарбекова.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
6
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel