Әблязов ұрлаған 2,5 млрд теңге Қазақстанға қайтарылмақ
Жарияланған күні:
АҚШ-та БТА Банк пен "сыртқы басқарушыларға" 6,5 млн доллар (2,5 млрд теңге) көлемінде ұрланған активтерді қайтару туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қаржылық ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, БТА Банкіне және "сыртқы басқарушыларға" 6 598 313 доллар қайтару туралы шешімді 28 мамырда Фэрфакс (Вирджиния штаты, АҚШ) округтік сотының алқалары қабылдаған.
Арыз қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың туған әпкесі-Гаухар Құсайыноваға қатысты қаралған.
Өтініш 2016 жылдың маусым айында берілген екен. Талаптарда Құсайыноваға қатысты шығынды өтеу және БТА-ның өзге де талаптарын қанағаттандыру туралы көрсетіліпті.
Сот Әблязовқа активтерді ұрлауға көмектесу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп таныды.
"Әблязов БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттермен қатар, БТА-дан ұрланған ақша қаражатының 6 млн доллар көлеміндегі бөлігін Құсайыноваға заңсыз жолмен жіберген.
Алынған ақша қаражатын Құсайынова жеке мақсатта, соның ішінде АҚШ - та бірнеше люкс жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алуға пайдаланған", - делінген қаржы ұйымының хабарламасында.
Іс 2016 жылы қудалауда жүрген кәсіпкердің активтерін "сыртқы басқарушылар"- Джон Милсом мен Дэвид Стэндиш сотқа осыған ұқсас талаптармен жүгінген соң біріктірілді.
Арыз қанағаттандырылған соң ортақ талапкерлерге Құсайынованың 6,6 млн долларға бағаланатын Фэрфакс және Александрия аумағында орналасқан жылжымайтын мүлігін ұстап тұру құқығы берілді.
Көрсетілгендей, БТА Банкінің пайдасына қабылданған бұл шешім - Әблязов ұрлаған активтерді қайтару бойынша тағы бір маңызды қадам.
Олигархқа және оның сыбайластарына қарсы сот бүгін Қазақстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және басқа да юрисдикцияларда жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798226-blazov-rlagan-25-mlrd-tege-kazakstanga-kajtarylmak/