Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бес бірдей жезөкшелер ордасы анықталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшылары Түркістан қаласында сауна ішінен ашылған секс-притонды әшкереледі. Түркі дүниесі үшін қасиетті болып саналатын қаладағы саунаның әкімшілігі сол жерде жұмыс істейтін қыздарға жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік берген хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Түркістан қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Жеңіл жүрісті қыздарды полицейлер арнайы есепке алды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК нің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

"Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын қолға алған Түркістан облысы полицейлері облыс аумағынан жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысқан 5 притонды анықтап отыр.

Фото: Түркістан қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді тексеруді күшейтті. Секс-притондар Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан да анықталды.

"Облыс бойынша криминалды полиция басқармасының полицейлері арнайы тәжірибелі қызметкерлерден топ құрып, тексеруді күшейтті. Барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде",- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798315-trkistan-oblysynda-bes-birdej-zezkseler-ordasy-anyktaldy/

pixel