RU

Шымкенттегі кілем сататын дүкеннен алапат өрт шықты (фото, видео)

Шымкентте кілем өнімдерін сататын дүкенде өрт шықты. 9 маусым күні сағат 16.54-те Шымкент қаласындағы базарлардың маңында,​ Мейірімді көшесі 25 үй мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

өртта
Оқиға орнынан фото: Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: Twitter

Бір қабатты ғимаратта орналасқан​ кілем сататын «Есенжол» дүкенінде ашық отсыз қатты түтіндеу орын алған. Дүкеннің​ жалпы көлемі​ 432 шаршы метрді құрайды.​ 

"Ғимаратта кілемдердің өртенуінен қалың түтін шыққан. Өртенген аумақ 260 шаршы метрді құраған.​​ 

Өрт сағат 17.41-де оқшауланып, сағат 18.15-те толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда.​ ​​

өртта
Фото: Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: Twitter
Оқиға орнында Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 40 адам және 6 техника жұмыс атқарды", - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.​ 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798730-symkenttegi-kilem-satatyn-dkennen-alapat-rt-sykty-foto-video.html