Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш қазақстандық ұшқыш әйел азаматтық авиация комитетінен қуылды

Опубликовано:

Қазақстандағы тұңғыш ұшқыш әйел Тоты Әмірова азаматтық авиация комитетіндегі жұмысынан қуылды. Комитет өкілдері ақпаратты растағанымен, қызметкердің жұмыстан шығу себебін БАҚ тарапынан сұраным хатсыз айтудан бас тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоты Әмірова. Фото: facebook.com/toty.amirova.5
Тоты Әмірова. Фото: facebook.com/toty.amirova.5: UGC

KAZ.NUR.KZ журналистері азаматтық авиация комитетіне оқиғаға қатысты арнайы сұраным хат жіберді.

Жұмыстан шығып қалғаны жөнінде Тоты Әмірованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

Ол өзіне комитет төрағасы Әлжанов қол қойған жұмыстан шығару жөніндегі бұйрықтың табысталғанын жеткізді. Әмірованың айтуынша, ол жұмыстан шығу туралы ешқандай өтініш жазбаған. Оған қоса, ол сөгіс пен жазаға ілікпегенін де айтты.

"Мен жоқ кезде маған рейстің 25 минутқа кешіктірілгенін іліп қойды. Олардың мәлімдеуінше, жағдай сегіз ай бұрын орын алған. Олар бұл оқиғада интернеттегі белгісіз адамның дауысының жазбасына сүйеніп, соны негізге алып отыр" , - деп жазған Әмірова.

Әмірова басына түскен оқиғаны жаңа "Қазақстан авиациялық әкімшілігінің" құрылуымен байланыстырды. Ол өзінің адал еңбек еткенін және ары таза екенін жеткізді.

Тоты Әмірованың жұмыстан шығып қалуы жөнінде экономикалық шолушы әрі блогер Денис Кривошеев пікір білдірді. Ол тұңғыш ұшқыш әйелдің жұмыстан шығуын дұрыс деп есептейтінін алға тартты.

"Авиация облысындағы тоқырау мен мемлекетіміздегі авиация имиджіне әсер ететін көптеген негативті мәселелер дәл осы адаммен байланысты.

Мен үшін Тоты мемлекеттік қызметкер ретінде үлгі тұтарлық адам емес. Мемқызметкер ондай болмауы керек. Ол өз қызығушылығы мен атаққұмарлығын қызмет аясында қолданбауы қажет.

Мемлекеттік қызметкер рейстің кешіктірілуі іспетті күрделі айыптауларда өз қызметтік лауазымын қолданбауы керек.

"Мен Қазақстанды қара тізімнен шығардым" , - деген тым сенімді естіледі. Комитет күрделі тексеріс жүргізуі керек. Оған қоса, "Авиация әкімшілігі" фактісін қарау керек.

Бізде аса ауқымды экономикалық басқарманың жетекшісі ел алдына шыға салып, отандық авиацияның қандай кедергілерге тап болғанын айта алмайды. Себебі түсінбейді. Ол - шенеунік. Ал бұл мәселені түсінетін адам қызметі аясында жеке мәселелерін шешіп жүр" , - деді Денис Кривошеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799094-tgys-kazakstandyk-skys-jel-azamattyk-aviacia-komitetinen-kuyldy/

pixel