RU
Тоқаев: Саяси көзқарас пен ұстанымдар үшін халықтың бөлінуіне жол бермеймін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев: Саяси көзқарас пен ұстанымдар үшін халықтың бөлінуіне жол бермеймін

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде еліміздің әрбір азаматының мүддесін қорғау өзінің басты мақсаты екенін алға тартты. Мемлекет басшысы халықтың саяси көзқарастар мен ұстанымдарға бөлінуіне жол бермейтінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды

Президент халықтың тұрмысын жақсарту үшін 9 бағытта жұмыс істемекші

Мемлекет басшысы: Сөзге сендіре бермей, жұмыс істеу керек

"Аса қадірлі Елбасы, құрметті отандастар ең алдымен, маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын. Бұл сайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті.

Сайлау алаңында нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Барлық саяси күш өкілдері қатысты. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды. Сайлау - бұл қатысушылардың пікірі жеңетін жарыс дейді. Расында әділ пікір.

Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы мен парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі. Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық.

Тоғызыншы маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі біз үшін өте маңызды.

Өйткені, халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі - біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау - баршамызға ортақ парыз" , - деді президент.

Оған қоса, мемлекет басшысы әрбір азаматтың мүддесі өзінің басты мақсаты екенін айтты.

"Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау - менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастар мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін.

Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін.

Ашық әрі әділ жұмыс істеймін. Біз үшін ең маңызды міндет - заңға сай қызмет ету. Біздің бір ғана отанымыз бар. Тағдырымыз бір. Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін барлығымыз бірге еңбек етеміз.

Ақиқатын айтуымыз керек. Бұл сайлауда азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап, дауыс берді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туын дүние жүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті" , - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз
10
2
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel