Президент халықтың тұрмысын жақсарту үшін 9 бағытта жұмыс істемекші
Опубликовано:
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Онда мемлекет басшысы халықтың тұрмысын жақсарту үшін қандай салаларды жандандырып, қандай шаралар қолға алынатындығын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды
Мемлекет басшысы: Сөзге сендіре бермей, жұмыс істеу керек
Тоқаев: Саяси көзқарас пен ұстанымдар үшін халықтың бөлінуіне жол бермеймін
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ел дамуының нақты тоғыз бағытын айқындады:
- "Бірінші бағыт – халықтың табысын арттыру.
- Екінші бағыт – сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою.
- Үшінші бағыт – сот жүйесін реформалау, сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс.
- Төртінші бағыт - жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту.
- Бесінші бағыт – тұрғын-үй мәселесін шешу.
- Алтыншы бағыт - адам капиталын дамыту.
- Жетінші бағыт - өңірлерді дамытудың жаңа бағдары.
- Сегізінші бағыт – Рухани жаңғыру құндылықтарын насихаттау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге ұмтылу.
- Тоғызыншы бағыт – көп векторлы саяси бағытты ұстана отырып, ұлттың мүддесін қорғау.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799228-tokaev-halykty-trmysyn-zaksartu-sin-9-bagytta-zmys-istemeksi/