Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оразаны понт үшін ұстайды": Қарт кісі ұшақта орын бермеген жас жігіттің әрекетіне күйінді

Опубликовано:

Жасы 60-ты еңсерген әйел адам, редакцияға хат жолдап, ұшақта басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Айтуынша Түркияға ұлы, келіні, немерелерімен бірге барған ол, жас жігіттің әдепсіз қылығының куәсі болыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: muslim.kz
Көрнекі фото: muslim.kz: Depositphotos

NUR.KZ редакциясына хат жолдаған қарт кісі оқиғаның қалай орын алғанын баяндап берген.

"Ұшақта жақында болған келеңсіз жағдай туралы көпшілікпен бөлісейін деп отырмын. Егер қызық болса, мархабат. Біз отбасымызбен Анталиядан қайтып келе жатқан едік. Менімен бірге ұлым, келінім мен үш немерем болды. Өздеріңіз білесіздер, ұшақта орын тар. Әсіресе қолыңда үш бала болған жағдайда.

Біздің орнымыздан бір қатардан кейін шамамен жасы 25-тердегі ер адам отырды және оның жанындағы екі орын бос болған еді.

Мен балаларға ыңғайлы болу үшін, сол орынға отырдым. Өзім жасым 60-қа тақап қалған анамын. Сол жерге барып, жайғасқаным сол еді, әлгі азамат менен орынды босатуымды сұрап, айғайға басты. Нақтырақ айтатын болсам "жайлап жатайын деп едім, босатыңыз орынды" деп салды.
Мен орынды бермейтінімді, бәрібір жанындағы жер бос екенін айттым. Ер адам менімен сөз таластырып болмаған соң, мәселеге ұлым араласып, әлгі ер адам сабырға келгендей болды", - деп түсіндірді ол хатында.

Біраз уақыттан кейін зейнеткер жас жігіттің әлдекіммен ауыз ашар жайлы тілдескенін аңғарған екен.

"Мен бірден "сен мұсылмансын ба?", "ораза ұстайсың ба?" деп сұрадым.. Жаныңа 60 жастағы әже келіп, орын сұрады. Сен тұрып орын беруің керек еді ғой? Осындай әрекетіңнен кейін, сен қайдағы мұсылмансың?", - деп күйінген әйел адам.

Сөз соңында зейнеткер ауыз бекітіп, ораза ұстаған адамнан мұндай әрекет күтпегенін жеткізген.

"Әлгіндей сөздерді айтып, орнымнан тұрдым да кетіп қалдым. Себебі ол жігіттің жанында отыру жиркенішті болды. Осының бәрін не үшін жазып отырмын деп ойлайсыздар?
Оразаны көпшілік понт үшін ұстайтын болған. Бір-бірінің алдында ораза ұстайтындарын айтып, мақтану үшін.
Ал шын мәнісінде жан дүниесі бос. Ол жерде Құдай жоқ ", - деп хатын аяқтаған зейнеткер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799387-orazany-pont-sin-stajdy-kart-kisi-sakta-oryn-bermegen-zas-zigitti-reketine-kjindi/

pixel