Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отамен бойын ұзартқан шалқарлық азамат арбаға таңылып қалды (фото)

Жарияланған күні:

35 жастағы Нұрбол Дүйісовтың арбаға таңылғанына екі жылдан асқан. Ол Ақтөбе облысы Шалқар қаласы ішкі саясат бөлімнің жастар орталығында кеңесші болып істейді. Дерті жанына батқан мемлекеттік қызметкер көпшіліктің көмегіне мұқтаж деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Бойымдағы дерт бала күннен бар. Кішкентайымнан бүйрегім ауырады. Кальций жетіспеушіліктен сүйектерім бор секілді жұмсарып қалған. Бойым өспей қалды. 2001 жылы Алматы қаласында аппаратпен жіліктерді кесу арқылы аяғымды ұзарттырдым. Күніге 1 мм ден қосып, екі жылда бойымды 7 сантиметрге өсірді. Бойым кішкентай болғанға намыстанатын едім" , - дейді Нұрбол Дүйісов.

Өкінішке орай, тағдыры оны бойының кішкентайлығымен ғана сынамаған. Жамбастағы ұршық майы таусылған коксартроз дертіне ұшыраған жігіт аяғын баса алмайды.

"2011 жылы аяғымды сілтіп басатын болдым. Аяғымды ауырсынып, бір қолыма таяқ ұстап жүре бастадым. Кейін ауру жаныма батқан соң екі қолыммен балдаққа сүйендім. 2017 жылы мүлде аяғымды баса алмай қалдым. Аурудан жаным қиналса да, жұмыстан айрылмау керек деп жарты күндікке ауыстым. Себебі сырқат түнімен мазалап, тек таңда ғана көз ілемін. Басшылық тарапынан еш қарсылық болған жоқ" , - дейді ол.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Нұрбол коксартроз дертін Германияда емдайді дегенді естіген. Енді сол жаққа баруды арман етіп жүр. Оған қомақты қаржы керек. Қол қысқа.

"Халық қолдаса кәсіп бастағым келеді. Ақша жинап, шетелден ем алуды армандаймын. Мен бұл ауруға моральды тұрғыда шыдаймын, физикалық тұрғыда көтере алсам алдыға қойған жоспарым көп. Жергілікті әкімдік жер беріп отыр. Сонда жолаушылар тоқтайтын кемпинг салғым келеді" , - дейді Нұрбол.

Қазір ол ата-анасы мен іні-келінінің қолында тұрады.

Көмек көрсетемін деушілер үшін Нұрболдың ұялы телефоны: 8 776 523 93 53.

Халық банк: 5483 1919 3210 2884.

Киви кошелек: 8 701 453 43 43

Каспи голд: 5169 4931 2032 3053

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800228-otamen-bojyn-zartkan-salkarlyk-azamat-arbaga-taylyp-kaldy-foto/