Әріптесінің қалыңдығын ұнатып қалған отбасылы ер адам мұңын шақты
Жарияланған күні:
Сегіз айлық сәбиі бар отбасылы ер адам қызметтесінің сүйіктісіне ғашық болып қалғанын айтты. Оның сөзінше, ол бойжеткенді бір көргеннен ұнатқан. Арудың көркіне тамсанған жігіттің өз әйеліне көңілі толмай қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елордалық азамат әріптесінің бұрыннан сөйлесіп жүрген қызына ғашық болып қалғанын алға тартты.
Оның сөзінше, ол бірінші кездесуде бойжеткеннің сұлулығына тәнті болған екен.
"Жұмыстағы қызметтес досым бірнеше жылдан бері бір қызбен сөйлесіп жүретін. Үнемі соны аузынан тастамайтын. Осы уақытта оның сөзіне құлақ аспай, онша назар аудармаппын.
Жуырда жұмыстағылармен жұбайларымызды алып дәмханада отырыс ұйымдастырдық. Досым да өзінің жүріп жүрген қызын ертіп әкеліпті.
Шынымды айтсам, айдай сұлу қыз екен, бірден ғашық болып қалдым. Бір көргеннен ұнаттым", - дейді жігіт.
Ер адамның айтуынша, ол әйелінің жанында отырып досының сүйгеніне көз салған. Оны байқап қалған жігіттің жұбайы азар да безер болыпты.
"Ол отырған жаққа қарай бердім. Онымен сөйлескім келді. Алайда жанымда қабағы бір ашылмайтын әйелім отырды.
Ол ару болса досымның жанында күліп-ойнап отырды. Қызметтесімнің бағы жанған екен. Бір жағынан қызықсам, бір жағынан қатты қызғандым.
Бір кезде жұбайым "Қайда жалтақтап отырсың" деп түртпектеп сұрай бастады. Сол отырыста масқарамды шығара ма деп қатты үрейлендім.
Себебі оның мінезін жақсы білдім. Бала босанғаннан кейін мүлде қабағы ашылмайтын болды. Өз-өзін күтуді де қойды", - дейді азамат.
Қызметтесінің сол қызға үйленгелі жатқанын білген жігіт көңілі түскенін де жасырмады. Ол әйелін тастап, бойжеткенмен бірге бола алмайтынын білсе де, оны армандауды қояр емес екен.
"Досымның сол қызға үйленгелі жатқанын білгенде көңілім құлазып кетті. Мен бәрібір жаңа құрған отбасымды тастап кетпейтін едім, бірақ неліктен бұлай көңілімнің түскенін білмеймін. Қызметтесім той күнін де белгілеп қойыпты, ал мен әлі сол бір ару мендік болса ғой деп ойлай беремін", - деп сырын ашты кейіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800526-riptesini-kalydygyn-natyp-kalgan-otbasyly-er-adam-myn-sakty/