Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан скриншот
Тоқаев тиісті өкілдерге тапсырма бергенін Twitter парақшасында мәлімдеді.
"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды президент.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.
Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз
10
2
3
22
1
2
1
Тағы да оқыңыздар